December 7

Әйелмен еріп келген қыз өгей әкесіне кім болады?

Имам Абдул-Ғани әл-Ғунаими әл-Маидани «әл-Любәб фи шархи әл-Китаб» (неке бабы) кітабында айтты:

«(Ер адам) әйелмен жыныстық қатынасқа түскен болса, онда әйелмен еріп келген қызға, тіпті одан төмен (яғни, немересіне, шөбересіне деген секілді) қыздарына (мәңгі бақи) үйлене алмайды (яғни, махрам болады), мейлі ол қыз шешесімен және өгей әкесімен бірге тұрсын немесе (қыздың әке жағынан болған) басқа туыстарының үйінде тұрсын».

Бұған қатысты ереже:

«Анасымен жыныстық қатынасқа түсу: ол әйелдің (бұрынғы күйеуінен болған) қаздарын оған (мәңги бақи) харам (яғни, махрам) қылады; ал неке қию (мына жерде жыныстық қатынасқа түсу шарт емес): ол әйелдің анасын оған (мәңгі бақи) харам (яғни, махрам) қылады».