Пайғамбардың ﷺ Имам Әбу Ханифа жайлы сүйіншілеуі
Шейхул-Ислам ибн Хаджар әл-Һайтами әш-Шәфиғи әл-Макки әл-Әшғари өзінің «әл-Хайрату әл-Хасану фи мәнәқиб әл-Имам әл-Ағзам Әби Ханифа ән-Нуғман» кітабында айтты:
«Имам Әбу Ханифаны, Аллаһ оған разы болсын, сүйіншілейтін ең үлкен, ең маңызды, ең айқын және ең кемел Бухари мен Муслим және Әбу Нуғайм хазіретті Әбу Һурайрадан, оған Аллаһ разы болсын, және онымен бірге әш-Ширази мен әт-Табарани [және Әбу Нуғайм] Қайс ибн Саад бин Убададан, оған Аллаһ разы болсын және Әт-Табарани Ибн Масғудтан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардан ﷺ риуаят еткен: «Егер иман аспандағы шоқ жұлдызда болса, оны парсыдан келген адам алар еді», - деген хадис екенін біл.
Әш-Ширази мен Әбу Нуғаймде келген риуаятта: «Егер білім шоқ жұлдызда болса...».
Ат-Табарани мен Әбу Нуғаймде Қайстен келген риуаятта: «Арабтар иелік ете алмайды, оны парсыдан келген адам иелік етеді», - деп келеді.
Хафиз және мухаққиқ әл-Джәләл әс-Суюти (әш-Шәфиғи) былай деді: «Бұл Әбу Ханифаның, Аллаһ оны рахымына алсын, сүйінші хабары үшін және оның абзалдығын көрсету үшін сүйенетін сахих хадис. Және сол сияқты Мәлик туралы, оған Алла разы болсын, хадисте: «Адамдар білім іздеп түйенің бауырын соғатын (яғни, білім іздеп шығатын) уақыт келеді, сонда Мәдина ғұламасынан артық ғалым таппайды». Және әш-Шәфиғи туралы хадисте: «Құрайшты сөкпеңіздер, өйткені оның білімі жер бетін ілімге толтырады». Бұл (әш-Шәфиғи туралы келген) хадис хасан және ол хадистің тағы басқа көптеген келу жолдары бар. Кейбіреулері хадисті әлсіз, бұрмаланған, ойдан шығарылған деген.
Ғалымдар: «Бірінші хадистегі Мәдинаның ғалымы – Мәлик, ал екінші хадистегі Құрайштың ғалымы – Шәфиғи», - деген.
Әл-Джәләл (әс-Суютидің) кейбір шәкірттері (бұл шәкірті: имам ас-Салихий «Ғуқууд әл-Джуман» кітабында (45 бет)) былай деді: «Біздің шейхтің (яғни, әл-Джәләл әс-Суютидің) бұл хадисте айтылған адам имам Әбу Ханифа екеніне күмәнсіз сенімді болды, өйткені оның заманында парсы ұлдарынан ешқайсысы оның білім деңгейіне жетпеген және оның шәкірттері де жетпеген. Бұл хадисте Пайғамбар ﷺ болашақта не болатынын айтып беру арқылы мұғжизасын көрсетті және хадисте келген парсы деген сөздің мағынасы біз білетін ел атауы емес, керісінше араб еместерден халық, олар парсылар. Имам Әбу Ханифаның атасы солардың бірі екендігі туралы алда келеді, көпшілік ғалымдар осы пікірде және әл-Дәйләмидің хадисінде: «Араб еместерден болған ұлттардың ең жақсысы - парсылар».
Әбу Ханифаның, Аллаһ оған разы болсын, ұлы мәртебесіне дәлел ретінде Пайғамбардан ﷺ былай дегені риуаят етілген: «Жүз елуінші жылы дүниенің әшекейі жоқ болады». Имамдардың күні болған әл-Кәрдәрий былай деді: «Бұл хадис Әбу Ханифаға қатысты. Өйткені ол сол жылы қайтыс болды, Аллаһ оған разы болсын»».