Today

Адастырушы имамдар.

Бізге Қутайба ибн Сағид, ол Хаммад ибн Зәйдтен, ол Айюбтен, ол Әбу Қиләбадан, ол Әбу Асма ар-Рахабиден, ол Саубанның Аллаһ Елшісінің ﷺ былай деп айтқанын жеткізді:

«Мен үмметім үшін ең қатты қорқатыным – адастырушы имамдар».

Муфти Асғар Әли ар-Раббани әл-Ханафи әл-Матуриди «Джәмиғу әт-Термизи уә әл-мәзһәб әл-Ханафи» (9\688-689) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

Бұл хадистегі «адастыратын имамдар» дегеннің мағынасы: Олар – зұлым басшылар, адасушылық пен бидғатқа үндейтіндер, ұлтшылдыққа шақыратындар. Өйткені мұндай басшылардың зияны өте үлкен әрі қауіпті.

Мұндай жаман басшылар бүкіл қоғамда бейберекетсіздік пен анархияға, діннен адасушылыққа алып келеді. Сондықтан олардың зияны – жеке адамдардың қателігінен әлдеқайда ауыр.