May 25

«Адамдарға бір заман келеді, олардың ішіндегі мүміндері құлдардан асқан қор болады».

Хазіретті Ибн Масғуд айтты:

قال ابن مسعود : يأتي على الناس زمان يكون المؤمن فيه أذل من الأَمَة

«Адамдарға бір заман келеді, олардың ішіндегі мүміндері құлдардан асқан қор болады».

Ибн Раджаб әл-Ханбали өзінің «Кәшфу әл-Курбә фи уасфи әһли әл-ғураба» (1/321) кітабында Ибн Масғудтың сөзін келтіргеннен кейін айтты:

وإنما ذل المؤمن آخر الزمان لغربته بين أهل الفساد من أهل الشهوات وأهل الشبهات، فكلهم يكرهه ويؤذيه لمخالفة طريقته لطريقتهم، ومقصوده لمقصودهم، ومباينته لما هم عليه

«Ақырзамандағы мүміннің қорлығы оның залымдардан, күмәнға батқандар мен нәпсіқұмар адамдардан өзгеше болуымен байланысты. Олардың бәрі оны жек көріп, оған зиянын тигізетін болады. Өйткені оның жолы олардың жолынан, оның мақсаты олардың мақсаттарынан басқа және оның ұстанымы олардың ұстанымына мүлдем қарама-қайшы».