Кіші және үлкен дәреттен кейін оң қолды пайдалану мәселесі
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің әйгілі «Фатху бабу әл-Ғиная» (1\168) кітабында айтты:
«(... және кіші және үлкен дәретте оң қолмен тазаланбайды) яғни, оң қолды истинжа үшін пайдаланбайды. Әбу Қатададан риуаят етілген алты хадис жинақта айтылғандай, Аллаһ Елшісі ﷺ былай деді: «Егер сендердің біреулерің кіші дәрет сындырса, жыныс мүшесін оң қолымен ұстамасын; үлкен дәретке барса, оң қолымен сүртпесін; егер су ішсе, бір деммен ішпесін». Яғни, бәлки суды екі деммен немесе үш деммен бөліп ішсін. «... оң қолымен жыныс мүшесін ұстамасын» деген сөзінің мағынасы: кіші және үлкен дәретте оң қолымен тазалануға (истинжа жасауға) болмайды. Керісінше, (кіші дәреттен кейін) оң қолымен тасты алып, сол қолымен жыныс мүшесін ұстап, жыныс мүшесін қозғалту керек¹. Әбу Дауд Айша анамыздан риуаят еткен хадисте: «Аллаһ Елшісінің ﷺ оң қолы таза үшін, ал сол қолы ластықты тазарту үшін болды». Хафсадан осыған ұқсас нәрсе риуаят етілген»».
¹Егер оң қолындағы тасты қозғалту арқылы тазаланса, истинжа үшін оң қолын пайдаланған болады, ал бұл мәкруһ тахрим.