September 1

﴾Ендеше, сендер Мені әрдайым еске алыңдар, сонда Мен де сендерді ескеремін. Маған шүкіршілік етіңдер және әсте күпіршілік қылмаңдар﴿ .

﴾Ендеше, сендер Мені әрдайым еске алыңдар, сонда Мен де сендерді ескеремін. Маған шүкіршілік етіңдер және әсте күпіршілік қылмаңдар﴿ («Бақара» сүресі, 152 аят).

Тура жолдың имамы болған Имам Әбу Мансур әл-Матуриди әл-Ханафи (һ. 333 ж.қ) - Аллаһ оған разы болын - өзінің әйгілі «Тәуиләт әһли әс-сунна» тәпсірінде аяттың түсіндірмесінде айтты:

  • ﴾Ендеше, сендер Мені әрдайым еске алыңдар﴿ дүниеде Маған бойсұнумен еске алыңдар, ﴾сонда Мен де сендерді ескеремін﴿ – ақыретте күнәларыңды кешірумен еске аламын;
  • Тағы бір түсінікте: ﴾Ендеше, сендер Мені әрдайым еске алыңдар﴿ – кеңшілікте, байлықта еске алыңдар, ﴾сонда Мен де сендерді ескеремін﴿ – таршылық пен қиындықта еске аламын;
  • Тағы бір сөз: ﴾Ендеше, сендер Мені әрдайым еске алыңдар﴿ – жалғыз қалып, оңашада еске алыңдар, ﴾сонда Мен де сендерді ескеремін﴿ – адамдардың, періштелердің алдында еске аламын.
  • Тағы бір мағынада: ﴾Ендеше, сендер Мені әрдайым еске алыңдар﴿ – сендерге берген нығметтерімді еске алумен еске алыңдар, ﴾сонда Мен де сендерді ескеремін﴿ – ол нығметтерді арттыра түсу арқылы еске аламын. Дұрысын Аллаһ жақсырақ біледі. ﴾Маған шүкіршілік етіңдер және әсте күпіршілік қылмаңдар﴿ – берген нығметтеріме шүкіршілікті тек Маған арнаңдар, оны басқа біреуге арнамаңдар ﴾және әсте күпіршілік қылмаңдар﴿ – яғни Менен басқаға құлшылық етпеңдер. Дұрысын Аллаһ жақсырақ біледі.