May 20

Бикиниден ниқабқа

2011 жылғы 21 қыркүйек

Мен Америка Құрама Штаттарының қақ ортасында дүниеге келген американдықпын. Мен де кез келген батыстық қыздар сияқты үлкен қаланың ғажайып өміріне құмар болып өстім. Кейіннен Флоридаға, сосын Майами-Бичке көштім, бұл гламурный өмірді іздеушілер үшін тартымды орталық. Әрине, менің мінезім батыс қыздарының көпшілігінің өмір салтынан ерекшеленбеді. Мен өзімнің сыртқы келбетіме және тартымдылығыма көп көңіл бөлдім, өзімді бағалауды басқа адамдардың назарына тәуелді еттім. Мен көп жаттығып, ақыр соңында фитнес-жаттықтырушы болдым, мұхиттан бірінші дәрежелі үй алдым, «жағажайдың тұрақты адамына» айналып, өзім қалағандай өмір сүру мүмкіндігіне ие болдым.

Жылдар өтті. Ал бұл жолы менің «әйелдік тартымдылығым» өскен сайын өз-өзіме қанағаттанушылық пен бақыт деңгейінің тұрақты түрде төмендегенін көрсетті. Мен сәннің құлына, өзімнің сыртқы келбетімнің тұтқыныа айналдым.

Өзімді қанағаттандыру сезімі мен өмір салты арасындағы алшақтық ұлғайып, медитация, активист және дәстүрлі емес діндерге жүгіну арқылы ішімдік пен той-томалақтан қаша бастадым. Бірақ бұл алшақтық үлкен пропорцияларға дейін өсті. Соңында мен мұның барлығы дерттен құтылу әрекеті болғанымен, толық мағынасында ем емес екенін түсіндім.

2001 жылдың 11 қыркүйегіде келді. Исламға, ислам құндылықтары мен мәдениетіне қатысты сындар айтылып, ақыр соңында «жаңа крест жорығы» басталғанына куә бола отырып, мен Ислам деп аталатын нәрсені байқай бастадым. Осы уақытқа дейін мен исламмен тек паранжа, гарем және терроризмді ғана байланыстырып келдім.

Әлемге өзгеріс енгізу үшін жұмыс істейтін феминист және активист ретінде менің жолым реформалардағы теңдік пен барлығы үшін әділеттілік үшін қозғалысты басқаратын басқа бір активистің жолымен қиылысты. Мен жаңа тәлімгерімнің кейінгі науқандарына қосылдым, ол сол кездегі сайлау реформасы мен азаматтық құқықтарды қамтыды. Менің жаңа қызметім бұрынғысынан түбегейлі ерекшеленді: тек кейбір «таңдалған» адамдардың құқықтарын қорғаудың орнына, мен енді әділдік, бостандық және құрмет сияқты мұраттардың жалпыға бірдей болуы керек екенін түсіндім. Және мен жеке игіліктің ұжымдық игілікке қайшы келмейтінін де түсіндім. «Барлық адамдар тең жаратылған» деген сөздің шын мәнісін алғаш рет түсіндім. Бірақ, ең бастысы, дүниені тұтас көріп, жаратылыстағы бірлікті көру үшін тек сенім ғана жеткілікті екенін түсіндім.

Бір күні қолыма Батыста көптеген теріс стереотиптерге ие болған кітап – Құран Кәрім түсті. Алғашында мені Құранның стилі мен тәсілі қызықтырды, содан кейін оның ғаламға, өмірге, жаратылысқа және Жаратушы мен жаратылыс арасындағы байланысқа деген көзқарасы мені қызықтыра бастады. Мен Құранның әртүрлі пастырь (шіркеу қызметкерлері) мен түсіндірмеушілерді қажет етпей-ақ, өте терең мағыналы түрде жүрек пен жанға тікелей сөйлейтінін байқадым.

Ақырында, ақиқат сәті маған келді: жаңа «активизмім», мені толығымен қанағаттандырған және «іске белсене кіріскен» мұсылман әйел ретінде бейбітшілік пен келісімділік өмір сүре алатын Ислам деп аталатын сенімді қабылдау болды.

Мен өзіме әдемі ұзын көйлек, сондай-ақ мұсылман әйелдер киетін бас киім сатып алдым да, бірнеше күн бұрын бикини мен шорт немесе «іскер әйелдің» киімімен жүрген көшелер мен аудандарда жүре бастадым. Айналаның бәрі бірдей болды: адамдар, бет-әлпеттер, дүкендер - бірақ бір маңызды өзгеріс болды: бұл мен өзім, сондай-ақ шын мәнінде әйел болудан тапқан тыныштық пен келісім. Мұндай сезімдерді өмірімде бірінші рет сезіндім. Қолымнан бұғау түскендей болдым, ақыры бостандыққа шықтым. Адамдардың маған таңқалқалып қараған назарларына қуандым, өйткені бұл назарлар кезінде маған аңды аңдып жүрген аңшылардың назарына еді. Кенет иығымнан үлкен жүк түскендей болды. Енді мен барлық уақытымды дүкенге, макияжға, шаш сәндеуге және фитнеске арнамадым.

Ақыры мен бостанлыққа ие болдым! Менің жүрегімдегі ислам - бұл жер бетіндегі ең қызықты жер секілді, мен үшін бұл оны одан да тәтті және ерекше етеді.

Хиджабқа көңілім толған соң, ниқаб киетін мұсылман әйелдердің көбейіп бара жатқанын көріп, оған қызыға бастадым. Мен Исламды қабылдағаннан кейін тұрмысқа шыққан мұсылман күйеуімнен ниқаб киюім керек пе, әлде қазірдің өзінде киіп жүрген хиджабпен шектелуім керек пе деп сұрадым. Күйеуім жай ғана айтты, оның білуі бойынша, исламда хиджаб парыз, ал ниқаб парыз емес. Ол кезде менің хиджабым шашымды толық жауып тұратын, бірақ бетімді жаппайтын орамалдан, сондай-ақ мойыннан аяғыма дейін денемді толық жауып тұратын «абая» деп аталатын ұзын қара көйлектен тұрды.

Арада бір жарым жыл өтті, мен күйеуіме ниқаб кигім келетінін айттым. Ниқаб кию себебім, ниқаб хиджабқа қарағанда Жаратушы Аллаһу Тағалаға ұнамдырақ, осылайша ұяттылығымды арттырып, жан дүниесіндегі тыныштық сезімін одан сайын арттырады деген сезімім. Күйеуім менің шешімімді қолдап, онымен бірге «исдал», басынан аяғына дейін кең қара көйлек, көзден басқа бас пен жүзді түгел жауып тұратын ниқаб сатып алдық.

Көп ұзамай бұқаралық ақпарат жаңалықтары саясаткерлер, Ватикан діни қызметкерлері, бостандық үшін күресушілер және басқа да «адам құқықтары мен бостандық үшін күресушілердің» толы болды, олар хиджаб пен ниқабты әйелдерге қысым көрсету құралы, әлеуметтік интеграцияға кедергі және Мысыр шенеунігі бірі айтқандай «хиджаб/ниқаб артта қалудың символы» деді.

Батыс үкіметтері мен әртүрлі «құқық қорғаушылар» деп аталатындар әйелдердің құқығын қорғауға құлшыныс танытып, бірақ сонымен қатар сол елдердің кейбірі әйелдерге өздерінің киім үлгісін міндеттеп жатқаны маған екіжүзділік болып көрінді. Бірақ сол «бостандық үшін күресушілер» өз елдеріндегі әйелдердің хиджаб немесе ниқаб кигендері үшін олардың құқықтарынан, жұмысынан, білімінен қалай айырып жатқанына көз жұмып қарауына кедергі емес. Қазіргі уақытта хиджаб пен ниқаб киген әйелдерді жұмыс пен оқудан көп айырады. Бұл тек Тунис, Марокко немесе Мысыр сияқты тоталитарлық режимдерде ғана емес, сонымен қатар Франция, Голландия, Ұлыбритания сияқты Батыс демократиялық елдерінде де орын алады.

Мен әлі де феминистпін, бірақ мұсылман феминистмін, мұсылман әйелдерді жақсы мұсылман болу үшін күйеулеріне толыққанды қолдау көрсетуге шақырамын. Бүкіл адамзатқа жол көрсетуші жұлдыз болуы үшін балаларды салихалы мұсылман етіп тәрбиелеуге шақырамын. Жақсылыққа (кез келген жақсылыққа!) және жамандықтан тыюға (кез келген жамандықтан!) шақырамын. Әділдік үшін күресіп, барлық зұлымдыққа қарсы дауыс көтеруге шақырамын. Ниқаб пен хиджаб кию құқығымыз үшін күресіп, Жаратушымызға кез келген жолмен разы етуге шақырамын. Сондай-ақ, ниқаб пен хиджабтың біз үшін нені білдіретінін және біз үшін бұлар неліктен соншалықты қымбат екенін түсінуге ешқашан мүмкіндігі болмаған әйелдерге жеткізуді маңызды.

Мен өзім танитын ниқаб киетін әйелдердің көпшілігі батыстық дінді енді қабылдаған әйелдер, кейбірі тіпті әлі тұрмысқа шықпаған. Кейбірі туыстарының немесе айналасындағылардың толық қолдауы болмасада ниқаб киіп жүргендер. Барлығымызды бір нәрсе біріктіреді, ниқаб әрқайсымыздың жеке таңдауымыз, ешқайсымыз ниқабтан бас тартқымыз келмейді.

Олар қаласа да, қаламаса да, әлемнің кез келген түкпіріндегі барлық дерлік бұқаралық ақпарат құралдарында әйелдер модный стильдегі киімдермен бомбалануда. Бұрынғы мұсылман емес ретінде айтарым, мен әйелдердің хиджабты, оның қасиеттерін және оның әйелдің өміріне әкелетін үйлесімділігі мен бақытын, білу құқығын талап етемін. Кеше бикини менің еркіндігімнің символы болды, бірақ шын мәнінде ол мені руханилығымнан және құрметті адам болудың шынайы құндылығынан босатты.

Мен үшін бикини, Майами-Бич және барлық батыстық әсем өмір салтынан гөрі, Жаратушыммен татулық пен келісімде өмір сүріп, адамдар арасында лайықты адам ретінде өмірден ләззат алудан асқан қуаныш болмады. Сондықтан мен ниқабты таңдаймын. Сондықтан мен ниқабқа деген құқығымды қорғап өлуге дайынмын. Күнімізде ниқаб азат әйелдің жаңа символына айналды.

Хиджаб киюдің исламдық қарапайымдылығына қарсы жаман стереотиптердің құрбаны болған әйелдерге менің айтарым: «Сіздер неден айрылып қалғандарыңызды білмейсіздер».

Сара Бокер - бұрынғы актриса, модель, фитнес жаттықтырушы және активист. Сара қазіргі уақытта «Әділет үшін шеру» қозғалысының коммуникациялар жөніндегі директоры, «The Global Sisters Network» негізін қалаушы және атышулы «Shock&Awe Gallery» құрушысы.

Аударылған: https://askimam.ru/article/zhizn-musulmanina/ot-bikini-k-nikabu/?sphrase_id=53162