December 24, 2024

Жиһад мәселесі

Имам әз-Зәһиди әл-Ханафидің (һижраның 658 жылы қайтыс болған) өзінің «әл-Муджтаба шарх Мухтасар әл-Қудури» кітабында (жиһад бабы):

(Имам Қудуридің мәтіні): «Жиһад қылу парыз кифая. Егер мұсылмандардың ішінде бір тобы жиһад қылса, онда қалған мұсылмандардың мойнынан түседі. Егер бірде-бір мұсылман жиһадты қолға алмаса, жиһадты тәрк еткені үшін барлық мұсылмандар күнәкар болады.

Біздерге кәпірлермен соғыс жүргізу уәжіп, тіпті олар соғысты бастамаса да».

Имам әз-Зәһиди әл-Ханафи Имам әл-Қудуридің сөзін ашықтап айтты: «Ғазуат пен жиһад кейде барлық иман иелеріне міндет болған парыз айн болады, кейде жиһад қылуға жеткілікті күш бар кезде парыз кифая болады. Имам әл-Қудури, Аллаһу Тағала оны рақымына алсын, парыз кифаядан бастады, өйткені ауқымдырақ және маңыздырақ:

(Жиһад қылу парыз кифая. Егер мұсылмандардың ішінде бір тобы жиһад қылса, онда қалған мұсылмандардың мойнынан түседі): Аллаһу Тағаланың мына аятымен: {Мүшріктерді көрген жерлеріңде өлтіріңдер} («ат-Тәубә», 5 аят) және {Уа, иман келтіргендер! (Хақ дінді жаю жолында соғысуға мәжбүр болсаңдар, алдымен) маңайларыңды (дінді жаюға бөгет жасаған және) бастарыңа қауіп төндірген ақиқатқа қас қанқұйлы кәпірлермен соғысыңдар} («ат-Тәубә», 123 аят) және {Сондай-ақ соғысқұмар мүшріктердің (еш нәрсеге қарамай) сендерге қарсы жаппай жұмыла соғысқанындай, сендер де оларға қарсы жаппай жұмыла соғысыңдар} («ат-Тәубә», 36 аят) және Пайғамбардың ﷺ: «Жиһад қиямет күніне дейін жалғасады», - деген хадисімен парыз болды.

Парыз кифая, өйткені дін мен таухидті үстем қылу парыз қылынды. Бұған Пайғамбардың ﷺ мына сөзі ишара: «Адамдар «ләә иләәһә иллАллаһ» деп айтқанға дейін күресуге бұйырылдым. Кімде-кім кәлима сөзін айтса, ол менен өз дүниесі мен өмірін сақтап қалды, егер тек ақымен болмаса» және мұсылмандарды жамандықтан сақтау үшін. Аллаһу Тағала айтты: {Бүлік түп тамырымен жойылып, хақ дін қоғамда мықтап орныққанша және дін (үкім мен пәрмен) толығымен бір Аллаһқа ғана тиесілі болғанға дейін (яғни, Аллаһтың діні бәрінен үстем болып, бүкіл қоғам бір Аллаһқа бағынып, қоғамда әділдік пен тыныштық орнағанға дейін) олармен соғысыңдар}. Егер жиһадты кейбір мұсылмандар өз қолдарына алса, жаназа мен сәлемге жауап беру секілді жиһад қылу қалған адамдардың мойындарынан түседі.

(Егер бірде-бір мұсылман жиһадты қолға алмаса, жиһадты тәрк еткені үшін барлық мұсылмандар күнәкар болады): өйткені барлығына міндет болды. Бұдан шығатын қорытынды: егер барлығы бірдей жиһадты тәрк етсе, жиһад қозғалысы істен шығады және барлығы бірдей жиһадқа шықса, онда муджаһедтер жиһадқа керек болған көлік пен қарудан үзіледі. Сондықтан жалпыға бірдей жиһадқа шақыру болмаса, жиһад жүргізуге жеткілікті топ болса жеткілікті.

(Біздерге кәпірлермен соғыс жүргізу уәжіп, тіпті олар соғысты бастамаса да): Құран мне хадисте оқығандай жалпылама. Имам Мухаммадтың «әс-Сияр әл-Кәбир» кітабында: «Басшы мұсылмандардың шекарасын ғазуатшылар мен муджахедтерден бос қалдырмауы керек және жылына бір-екі рет ғазуат және олжа\салық үшін кәпірлердің жеріне муджаһедтер ротасын жіберіп тұруы керек. Егер көмек керек болса, онда халық оған көмектесуі керек, ал егер басшы халықтан салықты алып, (бірақ муджаһедтерге көмекке) жібермесе, онда халыққа күні жоқ, күнә басшыға жазылады».

«Шарх Бәкр Хауаһир Зәдәһ» кітабында: «Кәпірлермен немесе бүлікшілермен соғысудың рұқсат етілген шарттарының бірі – өз пікіріне немесе пікіріне сүйенуге болатын адамның мұсылмандардың күші қарсыласпен соғысуға шамасы жетеді деген үміт болу, әйтпесе (яғни, мұсылмандар әлсіз болса,) соғыспайды. Егер ол кәпірлердің үлкен тобына шабуыл жасаса және сол шабуылда өлтірілетінін анық немесе ықтимал білсе: егер дұшпанның саны олармен тең деп білсе немесе басым ой болса, шабуыл жасауында әбестік жоқ, ал егер олай болмаса, шабуыл жасауы рұқсат емес»».

ЖИҺАДҚА ШЫҒУ МІНДЕТ БОЛМАҒАН АДАМДАР:

(Сәбиге, жынды адамға, құлға, әйелге, соқыр адамға, сал ауруына ұшыраған адамға және шолақ адамға жиһадқа шығу уәжіп емес). Өйткені олар шамалары жетпегендіктен соғыс иелерінен емес және құл мен әйел мәселесінде құлдың иесі мен әйелдің күйеуінің ақылары бірінші тұрады¹».

¹Яғни, жиһад діннің ақысы, ал құлға оның иесінің және әйелге оның күйеуінің ақысы байланған. Сондықтан дін (парыз кифая) мен адамның ақылары бір жерге жиналған сәтте, адамның ақысы алға шығады.

ЖИҺАД БАРШАСЫНА ПАРЫЗ АЙН БОЛАТЫН ЖАҒДАЙ:

(Егер дұшпан мұсылман еліне бас салса, сол елдің барлық халқына дұшпанға қарсы шығулары уәжіп болады: әйел күйеуінің және құл иесінің рұқсатынсыз-ақ дұшпанға қарсы шығады). Өйткені бұл соғыс барлығына бірдей парыз айн болып, неке мен құлдыққа иелік ету құқығы оларды (әйел мен құлды) намаз, ораза секілді парыз айнды орындауға тосқауыл бола алмайды. Егер жауды қайтаратын мұсылмандар жасағы болса, онда олардың (әйел күйеуінің, құл иесінің) рұқсатсыз шығуы рұқсат емес. Өйткені жауды тойтару үшін жеткілікті күш бар, сондықтан (әйел мен құл үйлерінен рұқсат шығаруға) құл иесі мен күйеудің ақыларын бұзуда аса қажеттілік жоқ».