Секуляризм (зайырлылық).
Ауған Ислам Әмірлігіндегі Һират өлкесінің әкімі, хадис және фиқһ ұстазы, муджаһид Шейх Нур-Ахмад Исламжар әл-Ханафи әл-Матуриди матуриди ақидасын баян ететін «Муғтамад мә турид мин муғтақид мә турид» кітабында «секуляризм» туралы айтты:
«Бұл – діндерге қарсы еуропалық ақыл-ой туындатқан бұзық әрі зиянды ағымдардың бірі. Оның жақтаушылары әлі күнге дейін оны жарқыраған, еліктіргіш кейіпте ұсынып келеді (ал шындығында – балға араласқан у іспетті). Соның салдарынан бұл ағым көптеген мұсылман жастарын өзіне тартып үлгерді. (Әсіресе батыстық біліммен тікелей байланысы бар адамдар, дінін терең білмейтіндер немесе бұл ағымның шынайы болмысын әрі оның ақидаға, ахлаққа және қоғамдық-мәдени, тіпті саяси өмірдің барлық саласына қарсы жасырын түрде дайындап отырған әрекеттерін білмейтіндер оған тезірек алданып қалады).
Бұл мазһабтың көздегені – дінді өмірдің барлық саласынан ажырату, оны қоғамнан аластату және өмірді дінсіз негізде құру. Мұны не дінді күштеп ығыстыру, ашық түрде оған қарсы күресу арқылы, не дінге де, оған қарсы тұрған атеизмге де «еркіндік» беру сылтауымен жүзеге асырады.
Алайда шын мәнінде бұл – діндарлыққа қарсы соғыс (өйткені ол өзінің қоғамдық және мәдени өмірін, сондай-ақ барлық қарым-қатынастарын дінді шеттету негізінде құрылды). Оны қандай да бір уәжбен ақтап алуға тырысса да, бұл ұстанымды қабылдаған адам үшін ридда (дінне шығу) болып саналады. Секуляризмнің ішінде атеизмнің айқын белгілері көрініп тұрса да, соған қарамастан кейбіреулер жалған түрде оны дінге қайшы емес деп көрсетуге тырысып жүр.
Адамдар «секуляризм» атауына алданып қалды. Оның жақтастары әлі күнге дейін осы атауды мақтан тұтып, оның қағидаларын жоғары қойып, сонымен масаттанып келеді. Бұл ағым дін туралы білімі таяз кейбір топтар арасында, сондай-ақ дінді адамзат өмірін басқарудан аластату немесе оған жүгінуді тоқтатып, оның орнына (аудармашыдан: біздің елдегі тәңіршілдер секілді) пұтқа табынушылар мен дінге дұшпандық көзқарастағы адамдардың ілімдерін орнатуды көздеген жаман ниетті жандар арасында кең сұраныс тапты.
Еуропада бұл атау алғаш қолданылған кезде, оның дұрыс аудармасына сай мағынасы – дінді саясаттан ажырату немесе оны қоғамдық өмірден толық бөлу еді. Олардың пайымынша, «ғылым мен дін бірге үйлеспейді» делінді. Алайда бұл – шындықты бұрмалау әрі жалған сөз. Негізінде, дін мен ғылым – өзара тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып, қуаттандыратын ұғымдар.
Ал олардың өз ағымдарын «ғылымға» телуі – ақиқатқа жанаспайды. Бұл адасқан идея мен ғылымның арасында ешқандай байланыс жоқ. «Секуляризм» деп аталуы – батыстық мағынасын қате аударудан (яғни діннен алыстау деген ұғымнан) немесе әдейі алдау мен бұрмалау мақсатынан туған. Негізінде, оны «дінсіздік» деп атау дұрысырақ болар еді. Өйткені оның бастапқы мағынасы – ғылымға қатыстылық емес, діннен безу.
Сондай-ақ (араб тіліндегі «секуляризм») «ғилмания» (عِلمانية) – ‘айн әрпі кэсрамен айтылса – «ғылымға қатысты», яғни надандықтың қарсысы болған ілім дегенді білдіреді. Ал «ғалмания» (عَلمانية) – ‘айн әрпі фәтхамен айтылса – «дүниелік», яғни ақыретке қарсы қойылған дүние мағынасын береді. Сонымен бірге «секуляризм» сөзі француздың «laïque» (лаик) терминінің түсіндірмесі ретінде «деһрилік» (заманшыл, дінсіз дүниетаным) мағынасында да қолданылады.
Ескерту ретінде: Ататүрік – зындық, секулярлық көзқараста болған және исламдық түрік халифатының құрылымын күйреткен тұлға. Мухаммад Әли Джинна – рафидилікке телінеді. Ал Аманулла хан – Ауғанстанда алғаш болып батыстық секулярлық жүйені енгізген адам деп айтылады.
Кейбіреулердің «секуляризм дінмен соғыспайды» деуіне себеп – олардың секуляристердің құлшылық етушілерге тікелей тиіспейтінін көруі. Бұл жағынан ол коммунистік жүйеден өзгеше көрінеді.
Алайда білу керек: секуляризмнің негізі – дінге сүйенбейтін дінсіз жүйе. Олардың құлшылық иелеріне тиіспеуі – белгілі бір жоспар немесе уақытша кезең болуы да мүмкін.
Шынайы дін – саясат пен басқаруды Аллаһ Тағала түсірген үкімдерден ажыратпайды. Ол діндарлықты адамның жеке талғамына байланысты мәселе етпейді және ешбір адамға Аллаһу Тағаладан бөлек заң шығаруға рұқсат бермейді.
Ал секуляризмнің негізі – діннен алыстау және нәпсіқұмарлықты әртүрлі түрде еркін ету. Ендеше, екеуінің арасында қандай үйлесім болуы мүмкін?!»