May 20

«Бұл дүние — мүмін үшін түрме , ал кәпір үшін жәннат».

Хазіретті Әбу Һурайрадан: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Бұл дүние — мүмін үшін түрме , ал кәпір үшін жәннат» (хадисті Муслим риуаят етті).

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 5158) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«Яғни, ақыретте ол үшін дайындалған сауап пен мәңгілік бақытқа қарағанда бұл дүние мүмін үшін түрме сияқты, ал кәпір үшін ақыретте дайындалған жаза мен күйзелтуші азапқа қарағанда бұл дүние ол үшін жәннат сияқты. Былай деп те айтылды: «Мүмін ләззаттардан бет бұрып, ауыртпалықта болды, сондықтан ол түрмеде жатқан сияқты, ал кәпір оны нәпсілерімен жеңілдетеді, сондықтан ол оған жәннат сияқты». Бұл «әл-Фаиқ» кітабында айтылған. Мұны Фудаил ибн Ғиядтың айтқандары қуаттайды: «Кімде-кім бұл дүниенің ләззаттары мен шаһуат қалауларын тастаса, ол түрмеде, ал оның ләззаттары мен рақаттарын тастамаған адамға келетін болсақ, оған бұл дүние қайдан түрме болсын?!» Мен (яғни, Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди) айтамын: «Түрменің дәрежесі мен деңгейлері оның тұрғындарының жағдайына қарай әртүрлі болып көрінеді, бірақ ешкім парыздарды орындау және тыйым салынған нәрселерден аулақ болу шариғи міндеттерінің ауыртпашылығынан, сондай-ақ жазда және қыста суық пен ыстық сияқты табиғи машақаттардың ауыртпалықтарынан, бәле, қымбатшылық, өлім қайғы-қасіреті мен дұшпанның басым түсуі және тағы басқа ауыртпалықтар ана құрсағына бір тамшы судан жаралып, тоғыз айда дүниеге келуі, балалық, жастық шақтардан өтіп, егде тартып, өліміне дейінгі бүкіл өмірі түрлі машақат пен ауыртпалықтарға толы болары анық. Аллаһу Тағала былай деді: ﴾Шын мәнінде, Біз адамзатты машақат пен сынаққа толы өмірге жолдадық﴿ («әл-Бәләд», 4 аят). Яғни: адам баласы басы - жатырдың қараңғылы мен тарлығы, соңы - өлім және содан кейінгі жағдайына байланысты түрме болғанға дейін қиындық пен машақатта болады. Өлімнен кейін не оған мәртебелі киім кигізіліп, жоғары дәрежеге ие болу құзіреті беріледі, немесе оған илаһи қаһарымен тозақ әскері түсіп, жеңіл, өткінші түрмеден қиын, ұзаққа созылатын түрмеге ауыстырылады. Бұдан Аллаһтан пана тілейміз.

Дәуіт әт-Таий қайтыс болған кезде: «Дәуіт түрмеден босатылды» деген жасырын дауыс естілгендігі айтылады. Әбу Хафс әл-Суһруарди: «Түрме және одан шығу мүмін құлдың жүрегінде сағаттар мен уақыт өткен сайын азап береді. Өйткені жан өзінің жақсы сипаттарымен көріне бастағанда, уақыт жүрекке қараңғыланып, тарылтып, күйзеліске ұшыратады. Түрме деген тек еркін шығу мен кіруге кедергі жасаудан басқа нәрсе ме (яғни, түрме деген тек тәннің қамалуы емес демекші)?! Жүрек ақыретке апаратын құрал ретінде дүниелік қалаулардың жаман пиғылдарынан бас тартып, нәпсінің бұғауынан құтылуды және патшалықтың кеңдігіне көтерілуді және мәңгілік сұлулыққа куә болуды қалаған сайын, қуылған шайтан оны бұл есіктен кіргізбей, оны жамандыққа шақыратын нәпсі қалауына түсіреді. Кейін ол үшін өмірдің тыныштығы бұлыңғыр болып, оны мен оның сүйіктісі арасы алыстай бастайды. Бұл ең үлкен және ең тар түрмелердің бірі, өйткені кімге сүйіктісінен тосқауыл қойылса, оған өзінің кеңдігіне қарамастан жер тарылады және оның жаны да тарылып бастайды. Осы мағынада Аллаһу Тағала бір топ сахабалар соғыстардың бірінде Аллаһ Елшісінен ﷺ артта қалғандары туралы хабарлап, былай деді: ﴾Сондай-ақ (Аллаһу Тағала Тәбук жорығына шықпай) артта қалып қойған үш кісінің де тәубесін қабыл етіп, шексіз мейіріміне бөледі. (Өйткені ол үшеуінің істеген күнәлары үшін жан азабын тартып, күйзелгені соншалық) жер беті оларға кеңдігіне қарамастан тар келген еді﴿ («ат-Тәубә», 118 аят); (хадисті Муслим риуаят етті) және сондай-ақ Ахмад пен әт-Термизи, ибн Маджа хазіретті Әбу Һурайрадан, ат-Табарани мен әл-Хаким ибн Амр ибн әл-Астан мына сөзбен жеткізді: «Дүние мүміннің түрмесі және оның өмір жолы. Сондықтан ол дүниеден кетсе, түрмеден де, өмір жолынан да кетеді». Және ибн Мубарак хазіретті Омардан: «Дүние кәпір үшін жұмақ, мүмін үшін түрме. Мүміннің рухы босатылған кездегі мысалы түрмеде жатып, одан шыққан адамның мысалы сияқты. Ол игілікті өмір сүріп, қыдыра бастайды». Ибн Әби Шәйбә хазіретті Омардан және Әбу Нуғайм ибн Омардан: «Пайғамбар ﷺ Әбу Заррға: «Уа, Әбу Зарр! Дүние мүміннің түрмесі, қабір оның қауіпсіздігі, ал Жәннат оның барар жері. Уа, Әбу Заар! Дүние - кәпірдің жәннаты, қабір оның азабы, барар жері - тозақ». Ибн Лал Айша анамыздан риуаят еткен хадисте: «Дүние мүмін үшін бақыт емес! Дүние мүміннің түрмесі және оның сынағы болған кезде қалайша мүмінге бақыт болады?»