December 14, 2024

Мәсі, шұлық және солардың үкімін алатын нәрселерге мәсіх тартудың рұқсат болу шарттары

1. Толық дәрет алғаннан кейін кию. Дәретсіз киіп, кейін соған мәсіх тарту рұқсат емес (және тәйәмум соққан адам да мәсіге мәсіх жасауы рұқсат емес).

2. Аяққа киген мәсі (немесе шұлық) аяқты тобықпен бірге толық жабу керек (және мәсінің үстінен қараған сәтте ішінен аяқтың көрінуі зиян бермейді). Тобықты жаппаған қысқа мәсіге мәсі жасау рұқсат емес.

• Және мәсі (немесе шұлықта) аяқтың кішкентай үш башпайы сыйып кететін үлкен немесе кішкентай жыртығы\тесігі бар мәсіге (немесе шұлыққа) мәсіх тарту рұқсат емес. Жыртықтары\тесіктері екі сынарында болса, оларды бірге қосып есептемейді (яғни: бір сынарында бір жыртық\тесік, екінші сынарында тағы бір жыртық\тесік болса және олардың көлемі аяқтың кішкентай башпайы сыймайтын көлемде болса, бірақ бәрін қосып есептегенде сыяды, онда ол мәсіге мәсіх тартса рұқсат. Ал егер тесіктер\жыртықтар бір сынарында болса және бәрін қосқан сәтте көлемі аяқтың кішкентай башпайы сыйып кететін көлемде болса, онда оған мәсіх жасау рұқсат емес).

3. Мәсі\шұлық (4-5 шақырым) әдеттегі жүріске жарамды болу керек және әйнектен, ағаштан және темірден жасалған нәрсеге мәсіх тарту рұқсат емес. Және сол сияқты жүрісте тез жыртылып қалатын жұқа шұлыққа мәсіх тарту рұқсат емес.

4. Шұлықтың асты немесе асты мен үсті былғарыдан болу керек немесе қалың болу керек. Бұл былғарыдан болмаған жүн немесе тағы сол сияқты нәрседен жасалған шұлыққа қойылатын шарт.

5. Мәсі өз орнына жасалу керек: аяқтың башпай басынан бастап жоғары балтырға қарай (ең аз дегенде қолдың үш кішкентай саусақ көлеміндей жерге мәсіх тартылу керек; егер одан аз болса, мәсіх дұрыс емес) және мәсіні табан астына немесе екі жанына немесе өкшеге тарту рұқсат емес.

6. Мәсінің үстінен киілетін журмуқ (галош немесе аяқ десек болады) және тағы сол сияқты нәрселерге мәсіх тарту рұқсат болу үшін де жоғарыдағы шарттар қойылады. Әйтпесе (егер жоғарыдағы шарттарға сай келмесе) оны шешіп, ішінен киілген мәсіге мәсіх тарту керек болады (және тағы бір шарт: егер алдын журмуқтың ішіндегі мәсіге мәсіх тартылған болса, онда журмуққа мәсіх тарту рұқсат емес).

Шейх Мухаммад Әли ибн Шәфиқ ән-Нәдуй әл-Ханафи, «әл-Фиқһу әл-Муиассар мәғә Бидаяту әл-муфти уә ниһаяту әл-мустафти», 78-79 бет.