Тарауих намазы
▪️ Абзалы үтір намазды тарауихтан кейін оқу, егер тарауих намазын үтір намазы алдын оқыса, рұқсат.
▪️ Әр төрт ракағат сайын төрт ракағат намаз көлеміндей отыру ұнамды іс, ал егер бұл көлемде отыру жамағатқа ауыр келеді деп қорықса, онда ұзақ отырмастан келесі намазға тұрса болады және әрбір отырыста адамдардың өз еркі: қаласа нәпіл намаз оқиды, қаласа тәсбі айтады, қаласа үнсіз отырады.
▪️ Адам құптан мен тарауих намазын оқыды, кейін құптан намазы бір себептерге байланысты бұзылғанын білді: онда құптан намазымен бірге тар ауихты қайта оқиды (бірақ үтірді оқымайды, өйткені тарауих намазы құптанға байланған).
▪️ Егер жамағат парыз намазын, яғни құптан намазын, жамағатпен оқуды тәрк етсе, онда тарауих намазын да жамағатпен оқымайды. Өйткені тарауих намазы құптан намазына байланған. Егер жамағат парыз (құптан) намазын оқығаннан кейін тарауихты жамағатпен оқыса, онда құптан намазын жеке оқыған адам жамағатпен оқылып жатқан тарауих намазына қосыла алады.
▪️ Адам мешітке кірді, жамағат құптан намазын оқып болып, тарауихты бастап жатыр: ол адам бірінші құптан намазының парызын оқиды, кейін тарауих намазына қосылады, ал жіберіп алған тарауих намазының қалған ракағаттарын үтірден кейін оқиды, үтірді жамағатпен бірге оқиды.
▪️ Тарауих намазында бір рет Құран хатым түсіру бекітілген сүннет және жамағаттың еріншегі себепті Құран хатым тәрк етілмейді; егер тек жамағатты намаздан бездіріп, мешіттегі жамағат саны азайып кетеді немесе тарауихта Құран хатым жамағатқа өте ауыр тиеді деген қорқыныш болмаса; егер сондай қорқыныш болса, онда жамағтқа ауыр келмейтін қылып оқиды, мысалы: алғашқы он ракағатта «Фил» сүресінен бастап Құранның соңына дейін оқиды, кейін екінші он ракағатта соны қайталайды.
▪️ Тарауих намазында Құран хатымды тек бір рет ғана жасайды, ал егер жамағат тарауихта тағыда Құран хатым етуін қалап тұрғанын білсе, екінші хатым түсіруде онда әбестік жоқ; егер жамағат қаламай тұрса немесе жамағатқа ауыр келсе, онда екінші рет хатым түсіру мәкруһ.
▪️ Тарауихта (хатым түсіріп тұрған) имам Құран сүрелерінің алдында келетін «бисмилләһи-р-Рахмани-р-р-Рахим» сөзін дауыстап айтқаны жөн, өйткені «бисмилләһи-р-Рахмани-р-р-Рахим» Құран аяты, нақты бір сүренің бөлігі емес; егер мүлдем айтпаса, онда хатымның сүннеті ьолық жүзеге аспағандықтан, Құран хатым толық болмайды; ал егер іштей айтқан болса, онда артында ұйып тұрған жамағат Құранды толық тыңдамаған болады.
▪️ Егер Құранды Рамазан айы біткенге дейін хатым етіп қойған болса, онда сол айдың қалған күндерінің тарауих намазын тәрк етпейді, өйткені тарауих намазы толық айға (Рамазан айының әр күніне) бекітілген сүннет.
▪️ Хатым соныңда «Ықылас» сүресін үш реттен оқу¹, дұрыс көзқарас бойынша мәкруһ.
¹Яғни, намазда Құран хатым етіп болғаннан кейін «Ықылас» сүресін үш рет оқу.
Үмметтің данасы Шейх Ашраф Әли әт-Тәһәнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди, «Бәһишти Зиуәр», 166-167 бет.