Батып немесе өртеніп жатқан кемедегі адамның мәселесі.
«Егер адам кемеде қалып, құтқарылу үміті бар екенін білсе – онда кемеде қала береді. Ал егер суға секірсе ғана құтыла алатынын білсе – онда суға секіруі қажет.
Егер екі жағдайда да өлетіні анық болса – онда Имам Әбу Ханифаның (Аллаһ оны рақымына алсын) көзқарасы бойынша: екеуінің қайсысын таңдаса да ерікті, ал Имам Мухаммадтың (Аллаһ оны рақымына алсын) көзқарасы бойынша: суға секіруіне болмайды¹, керісінше басқа бір себеппен (яғни кеменің батуы арқылы) өлуін күтуі керек.
Бұл үкім – егер кеме отқа оранбаған жағдайда. Егер кеме өртеніп жатса – онда аз болса да жеңілдік болу себепті суға секіреді.
Кейбір шейхтарымыз (Аллаһ оларды рақымына бөлесін): «Егер бұл жағдай қыс мезгілінде болса – онда ғалымдардың бірауызды пікірі бойынша суға секіруге болмайды, өйткені ол жағдайда ешқандай жеңілдік жоқ» деген».
¹Өйткені ол өзін өзі өлтірген болып есептеледі.
Имам Әләуд-Дин ибн Мухаммад Әмин Әбидин әл-Ханафи, «әл-Һадийяту әл-Ғәләия», 544 бет.