Сунниттер мен сәләфилер арасында «Аллаһтың аса жоғары» мәселесінде қандай келіспеушіліктер бар?
Неліктен біз сәләфилік мәзһабтың ақидасын талқылаған сайын олар бұл мәселеден қашып, әңгімені Аллаһтың «аса жоғары» болу тақырыбына бұратының байқаймыз?
Неліктен біз олардың проблемалық мәлімдемелерін қозғасақ, олар оларға жауап бермей,әңгімені Аллаһтың «аса жоғары» болу тақырыбына бұрады? Неліктен?
Біз олардың муджассимдік сенімді анық қамтитын мәлімдемелерін келтірсек, олар оларға жауап бермей Аллаһтың «аса жоғары» болу тақырыбына ауыстырады - неге?
Біз олардың ғұламалар туралы өтірік айтқан мәтіндерді түсіндірсек, олар бұған жауап бермей Аллаһтың «аса жоғары» болу тақырыбына ауыстырады - неге?
Біз олардың ғұламалардың сөздерін бұрмалаған көптеген жерлерін көретеміз, бірақ олар бұған жауап бермей әңгімені Аллаһтың «аса жоғары» болу тақырыбына ауыстырады - неге?
Жауап: барлық сүнниттер (әшғарилер, ханбалилер, матуридилер) Аллаһу Тағаланың «аса жоғары» сиптаны мойындап: «Аллаһу Тағала Аршының үстінде» (الله على العرش) дейді. Сәләфилер де Аллаһтың аса жоғары болуын мойындап, Ол Аршының үстінде дейді. Алайда бұл сөздермен бізбен олардың арамыздағы айырмашылық, бұл сөзге қандай мағына беруде.
Әшғарилер, ханбалилер және матуридилер өкілдері болып табылатын сүнниттер Аллаһу Тағаланың физикалық кеңістікті\мекенді иемденбейтінімен келіссе, сәләфилер керісінше пікірде. Олардың кейбіреулері Аллаһтың белгілі бір жерде екенін ашық айтса, кейбіреулерінде тікелей айтпаса да анық көрінеді.
Бұған көз жеткізу үшін мынаған назар аударыңыз: Олар бір кездері әшғарилерге Аллаһ барлық жерде деген сөздерді жатқызған. Сүнниттер мұны айтпайтындарын түсіндіріп, Аллаһтың мекенсіз екенін, өйткені ол мекен жаратылғанға дейін бар және оған мұқтаж емес екенін айтқан кезде, сәләфилер бұл сенімдерді де айыптай бастады.
Аллаһтың барлық жерде екендігін және Аллаһтың мекенсіз екенін жоққа шығаратын адамның ұстанымына назар аударыңыз. Сонда не қалды? Тікелей айтпасам да жауабы анық: ондай адам Аллаһтың барлық жерде екендігін де, мекенсіз екендігін де жоққа шығару арқылы Оның белгілі бір жерде екенін алға тартып тұр.
Алайда олардың арасында өз сенімін ашық айтатындар да, жасыратындар да бар.
1. Сүнниттер Аллаһу Тағала физикалық кеңістікте\қандай-да бір мекенде емес екендігіне бірауыздан келісті.
2. Сәләфилермен бірге сүнниттер де Аллаһу Тағаланың дәрежесі жоғары екендігіне бірауыздан келісті.
3. Ханбалилер Аллаһу Тағаланың аса жоғары екенін алға тартады, бірақ бұл жоғарылау кеңістіктік емес және сонымен қатар оны тек қана дәрежесі жоғары мағынасында түсіндіруге болмайды дейді. Бұл жерде әшғарилер (олардың тәуил әдісін ұстанатын бөлігі – ред. ескертпесі) олармен келіспейді, өйткені жоғары сөзінің кеңістік пен дәрежеден басқа үшінші мағынасы жоқ.
4. Сәләфилер Аллаһу Тағаланың тек дәрежеде ғана емес, кеңістікте де жоғары екенін алға тартады, бірақ олардың көпшілігі мұны ашық айтпайды, бұл олардың сөздерінің мәнмәтінінен анық көрінеді және бұл мәселеде оларды тығырыққа оңай тығуға болады. Кейбіреулер мұны ашық айтады.
Бұл тақырып толығырақ талқыланады, бірақ мәселені әр сатымен түсіндіреміз және асықпаймыз. Әр нәрсенің өз уақыты бар.
Бірақ біз әлі негізгі сұраққа жауап берген жоқпыз: Неге біз қазіргі салафиттердің ақида мәселелерін талқылаған сайын (сунниттердің қазіргі сәләфилермен келіспейтін көптеген тақырыптарына қарамастан) олар талқылаудан қашып, әңгімені Аллаһтың аса жоғары болу мәселесіне ауыстырады?
1. Олар ханбалилердің жоғарылық (үшінші тармақта атап өткеніміздей) туралы мәтіндерін оқырмандарды алдау үшін немесе ханбалилердің не айтқысы келгенін өздері түсінбей қолданады. Өйткені, ханбалилердің негізгі пікірі – Аллаһу Тағалаға орын\мекен беру – күпірлік.
2. Бұл мәселе қарапайым адамдар мен студенттер үшін өте қиын, өйткені бұл мәселені терең түсінуді және нәзік талдауды қажет етеді. Сондықтан олар әшғарилерді Құран мен Сүннетті ұстанбайтын адамдар ретінде көрсетіп, сүнниттердің ұстанымын оңай бұрмалайды. Негізінде, сүнниттер Құран мен Сүннетті секталық түсінікте қабылдамайды, мәтіндерге егжей-тегжейлі талдау жасайды.
3. Бұл сәләфилерге сахабалардың, табиғиндердің және ғалымдардың кейбір мәтіндерін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл мәтіндер бізге де, оларға да белгілі, тіпті біз ол мәтіндерді олардан да жақсы білеміз. Бірақ біздің келіспеушілігіміз осы мәтіндерді түсінуде (бұл мәтіндерді біз ұстанатын ұлы имамдар да біледі және бұл ең жақсы түсінік). Олар бұл мәтіндерді нюанстарды ажырата алмайтын қарапайым адамдарға біржақты дәлелдер сияқты ұсынады, ақиқатында бұл мәтіндер олар керсеткендей емес!
Енді сұрақ: Неге сәләфилер нақты қайшылықтың қай мәселеде екенін тіке айтпайды? Сен енді Аллаһ Тағаланың дәрежесі және мәртебесі, тіпті болмысы жағынан да аса жоғары екендігімен олармен келісетінімізді білдің ғой. Дегенмен, біздің олармен келіспеушілігіміз дәл кеңістіктік\мекен мағынадағы биіктікке қатысты. Бірақ олардың сөздерінен: «Әшғарилер Аллаһтың аса жоғары екенін жоққа шығарады!» деп айтатының естейсің. Егер олар объективті болса, олар: «Сунниттер (әшғарилер, ханбалилер, матуридилер) кеңістіктегі\мекен тұрғысынан жоғарылауды жоққа шығарады», – дейтін еді.
Сүнниттер Аллаһу Тағаланы барлық тараптан жоғару болу арқылы аса жоғары деп санайды, бірақ Оның физикалық тұрғыдан кеңістікте\мекенде жоғары болуын жоққа шығарады.
— Әһлу сүннет Аллаһу Тағала жаратылыстарынан мекенсіз, шекарасыз және кеңістікті иемденбейтін аса жоғары деп айтады.
— Сәләфилер Аллаһу Тағала кеңістікте\мекенде жоғары дейді, мұны ашық жариялағаны дұрыс болар еді.
Сүнниттер, олар жала жапқандай, Аллаһтың аса жоғары екенін жоққа шығармайды, бірақ олар сіздің жоғарылық туралы түсінігіңізді жоққа шығарады, ей, муджассимдер, яғни суниттер шекара мен кеңістікті\мекен иеленуді білдіретін жоғарлықты жоққа шығарады.
Енді сіздер өздеріңізді ханбалилерге жатқызбайсыз деп үміттенемін, өйткені ханбалилер Аллаһу Тағаланың мекенде болуын ашық жоққа шығарады және олардың жоғарылық туралы түсінігі сіздерден басқа.
Түсініңіздер, олар бұл мәселені әдейі қайта-қайта көтеріп, дәлелдер көп сияқты әсер қалдыру үшін және ханбалилер «тафуид әл-мәғәни» түсінігін ұстанбаған қылып көрсету үшін өз сөздерін ханбалилердің үзінділерімен қуаттауға тырысады. Олар: «Егер ханбалилер Аллаһтың аса жоғары екенін бекітсе, онда олар басқа да сипаттарын тікелей мағынада бекітеді және егер Ибн Қудама Оның аса жоғары болуын бекітсе, онда басқа да сипаттардың барлығын тура мағынада бекітеді», - дейді. Бірақ шындық, ханбалилер жоғарылықты қазіргі сәләфилерден басқаша түсінеді. Ақиқатында, ханбалилер «тафуид» ұғымын ұстанған. Ханбалилердің жазғандары сіздердің көзқарастарыңыздан алыс!
Ескерту: Әшғарилер мен ханбалилер арасында үш негізгі мәселе бар:
1. Арштан жоғары мен жоғарылық мәселесі;
2. Құран дыбыс пен әріптерден тұрады деген мәселесі;
3. Аллегориялық түсіндіру мәселесі.
Бірақ ханбалилердің Аллаһтың жоғары болуын және Құран дыбыстар мен әріптерден тұрады деген сөздері қазіргі сәләфилердің ұстанымынан мүлде бөлек.
Бірақ сіз, досым, олармен кез келген мәселені талқылаған сайын, олар ханбалилердің мәтіндерін пайдаланып, бұл тақырыптарға оралуға асығатынын көресіз. Бәлкім, олар тіпті ханбалилердің де олармен келіспейтінін және ханбалилердің бұл мәселелерге қатысты сәләфилердің көзқарастарымен мүлдем келіспейтінін білмейтін шығар – бұл нағыз апат! Немесе олар бұл туралы біледі, бірақ олар адамдарды әдейі алдайды - бұл одан да үлкен апат.
Автор: Шейх Абу Тайм Таха аш-Шамих
https://darulfikr.ru/articles/v-chjom-raznoglasie-sunnitov-i-salafitov-po-voprosu-vozvyshennosti/