February 18
Ораза бастау мен Ораза айтты астрономиялық есепке сүйеніп анықтауға бола ма?
СҰРАҚ:
Ораза бастау мен Ораза айтты астрономиялық есепке сүйеніп анықтауға бола ма?
ЖАУАП:
Шәфиғи мәзһабында әлсіз (маржух) пікір ретінде бұған рұқсат деген сөз бар. Бірақ дұрыс (ражих) пікір — көпшілік ғалымдардың пікірі, яғни ораза айды көруге сүйеніп бекітіледі. Өйткені хадистерде айды көру айтылған, есеп емес.
Менің пікірім: айды көзбен көруге сүйену керек, тіпті обсерваториялар сияқты құралдар арқылы болса да. Ал ғылым тек куәгердің куәлігінің дұрыстығын тексеру және қателеспегенін анықтау үшін көмекші ретінде қолданылуы мүмкін.
Шейх Абдул-Мәлик Абдур-Рахман әс-Сағди әл-Ханафи ән-Нақшбанди حفظه الله تعالى