July 4
Азат ер адам төрт әйелге немесе төрт күңге үйлене алады, одан көп емес...
Имам Абдул-Ғани әл-Ғунайми әл-Майдани әл-Ханафидің «әл-Любаб фи шарх әл-Китаб» кітабында («неке» бабы):
«(Азат ер адам төрт әйелге немесе төрт күңге үйлене алады, одан көп емес), бірақ қалағанша күң ұстаса өз еркі¹».
¹«Маджмағу әл-Әнһар фи шарх Мултақа әл-Әбхар» кітабында («неке» бабы):
«Ер адам қанша күң әйел алсада өз еркі, тіпті «әл-Фәтәуә» кітабында былай делінген: «Бір адамның төрт әйелі және мың күңі бар. Кейін ол тағы бір күң әйел алуды қалаған сәтте басқа бір адам оның ісін (келеке немесе жек көріп: «Жетпейме өзіндегі әйелдер» немесе кемістіп: «Осыншама әйелді не істейді?» деген секілді) сөксе/жазғырса, оның күпірге түсу қауіпі бар (өйткені төрт әйел алу немесе қалағанша күң әйелге иелік ету ашық Құран аятымен рұқсат етілген)»».