Мәйітті түнде жерлеу мәселесі
1057. Әбу Кұрайб пен Мухаммад ибн Амр әс-Саууақ айтты: «Яхья ибн әл-Йаман, ол әл-Минһал ибн Халифадан, ол әл-Хаджаж ибн Артаһтан, ол Атаадан, ол Ибн Аббастан: «Пайғамбар түнде қабірге кіріп, оған шам жағылды. Мәйітті құбыла жақтан алып: «Егер сен Аллаһтан қорқып жылап Құран көп оқыған болсан Аллаһ сені рақымына алсын», - деп төрт тәкбір алып жаназасын оқыды» («Джәмиғу әт-Термизи», 1057).
Имам әт-Термизи айтты: «Бұл тақырыпта Джәбир мен Зәйд ибн Сәбиттің үлкен ағасы Язид ибн Сәбиттен риуаяттар бар».
Айтты: «Ибн Аббастың хадисі хасан хадис».
Кейбір ғұламалар осы пікірді ұстанып айтты: «Марқұм қабірге құбыла жағынан қойылады». Кейбіреулері: «Қабірге басымен кіргізеді»», - деді.
Ғалымдардың көпшілігі жерлеуді түнде жасау рұқсат деген пікірде.
Муфти Асғар Әли ар-Раббани әл-Ханафи «Джәмиғу әт-Термизи уә әл-мәзһәб әл-Ханафи» (4\179) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«Осы тараудағы хадис Ибн Аббастың хадисімен өлгендерді түнде жерлеуге болатындығы дәлелденген. Ханафи мазхабындағы ғалымдарымыз да солай дейді: «Түнде жерлеудің айыбы жоқ, өйткені Пайғамбар ﷺ түнде жерленді, Осман да және Айша мен Фатима аналарымызда да түнде жерленді. «Әл-Биная» кітабында келгендей: «Түнде жерлеу мәкруһ емес, бірақ күндіз жерлеу мустахаб және бұл көптеген аймақ фақиһтарының пікірі: Уқба ибн Амир, Сәид ибн әл-Мусәйиб, Шурайх, Атаа, әс-Сәури, әш-Шәфиғи, Ахмад және Исхақ. Әл-Хасан әл-Басри және заһирилер¹ Джәбирдің хадисіне байланысты мәкруһ көрді: «Егер аса қажеттілік болмаса, Пайғамбар ﷺ адамға жаназа намазы оқылғанға дейін түнде жерлеуге тыйым салды». Муслим риуаят еткен.
Джәбир ибн Абдуллаһ риуаят еткен хадисте былай деген: «Кейбір адамдар қабірдегі отты көріп, соған барды. Қабірде Аллаһ Елшісі ﷺ бар еді, ол: «Серіктесіңді маған беріңдер, ол зікірде дауысын көтеретін адам еді», - деп айтып жатқан еді,. Әбу Дәуіт әл-Бухари мен Муслимнің шарттарына сәйкес риуаят еткен. Айша, Фатима аналарымыз және басқа да сахабалар түнде жерленді, ал Джәбирдің хадисінде мәйітке жаназ намаз оқудан бұрын жерлеуге қатысты.
(Шейх Әбу әл-Бәқаа Ахмад ибн ад-Диау әл-Қуршәий әл-Ханафидің) «ад-Диау әл-Мәғнәуи шарх муқаддима әл-Ғазнауи» (293 бет) кітабында:
«Түнде жерлеудің еш айыбы жоқ, бірақ мүмкін болса күндіз жасқы, өйткені Пайғамбарымыз ﷺ сәрсенбі түні жерленген, Осман да және Айша мен Фатима аналарымыз да түнде жерленген».
(Шейх Мухаммад ибн Ибраһим әл-Халабий әл-Ханафидің) «Ғунияту әл-Мутамәллий фи шарх Мунияту әл-Мусаллий» (608 бет) кітабында:
«Түнде жерлеуде еш айыбы жоқ, бірақ күндіз жерлеу мустахаб».
(Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуридидің) «Фәтху баб әл-Ғиная би-шарх ән-Нуқая» (1/458) кітабында:
«Пайғамбардың ﷺ: «Аса қажеттілік болмаса түнде мәйіттеріңді жерлемеңдер» деген хадиске сүйеніп, мәйітті үзірсіз түнде жерлеу мәкруһ (тәнзиһ). Хадисті Ибн Маджа жеткізген. Ал Муслим риуаят еткен хадисте: «Пайғамбар бір күні уағыз айтып, сахабаларының арасынан қайтыс болып, кебінделіп, түнде жерленген бір кісіні еске алды. Пайғамбар ﷺ жаназа намазы оқылғанға дейін, егер мәжбүр болмаса, түнде жерлеуге тыйым салған».
Солай «әл-Фәтәуә әл-Һиндия» (1/166), «Шарху Мәғәний әл-Әсар» (1/327) және «Нухабу әл-Әфкар фи тәнқих мәбәний әл-Әхбар» (4/708-716) кітаптарында келген.