«Сәтсіздік\жамандық белгісі әйелде, үйде және жылқыда болады».
Ибн Омар, Аллаһ оған разы болсын, риуаят еткен хадисте айтты:
«Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Сәтсіздік\жамандық белгісі әйелде, үйде және жылқыда болады»». Хадисті әл-Бухари мен Муслим риуаят еткен. Басқа риуаятта: «Сәтсіздік\жамандық белгісі үш нәрседе: әйелде, мекенжайда және көлікте» – делінген.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3087) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Сәтсіздік\жамандық белгісі) хадисте келген «الشُّؤْم» сөзі (бұл сөздің негізгі мағынасы) — "الْيُمن" (береке) сөзінің қереғар мағынасы, яғни «сәтсіздік» дегенді білдіреді, (әйелде) – балалы болмауы немесе: «Мәһрының қымбаттығы мен мінезінің жаман болуы» деп айтылды, (үйде) – үйдің тарлығы немесе көршілерінің жаман болуы (және жылқыда болады») – оны жиһадқа мінуге жарамауы, немесе: «Мінезінің қиын әрі мінуге жарамсыз болуы» деп те айтылды. Тағы бір пікірде: бұл хадис Аллаһ Елшісінің ﷺ үмметіне нұсқауы ретінде келген. Яғни кімде-кім тұруға ұнамайтын үйі болса, немесе қарым-қатынасы ауыр әйелі, немесе көңілінен шықпайтын жылқысы болса – үйден көшу, әйелін талақ ету, атын сатып жіберу арқылы құтылсын. Бұл әрекет тыйым салынған «жаман ырымға сену» қатарына жатпайды. Аллаһ Елшісі ﷺ: «(Бір нәрсені) сәтсіздік\жамандық белгісі деп білсең – оны таста!» деген.
Ат-Тыйби, Аллаһ оны рақым етсін, айтты: «Сондықтан да Пайғамбар ﷺ: «Егер бір нәрседе сәтсіздік\жамандық белгісі болса, ол әйелде, жылқыда және үйде болады» деп, оны тек шартты түрде айтты (яғни, сәтсіздік белгсі тек осы үш нәрседе көрінеді деген сөз емес)».
Әл-Хаттаби, Аллаһ оны рақым етсін, айтты: «Бұл үш нәрсенің табиғатында өздігінен әсер ету қасиеті жоқ. Барлығы Аллаһтың қалауымен ғана болады. Алайда бұл үшеуі адамдар көп көңіл бөлетін нәрселер болғандықтан, және адам олардан келетін түрлі жағдайларға жиі тап болатындықтан, сәттілік немесе сәтсіздік оларға байланыстырылып айтылған».
Былай деп те айтуға болады: «Бұл нәрселер көбінесе адамның көңіл-күйін\мінезін бұзатын себептер болып табылады, ал көңілсіздік\жаман мінез – сәтсіздіктің\жамандықтың өзі, сол себепті сәтсіздікті\жамандықты осыларға байланыстырып айтты. Имам Ахмад және басқалар Айша анамыздан, Аллаһ оған разы болсын: «Жаман мінез – сәтсіздік\жамандық» деген риуаят келтірген. (Хадисті әл-Бухари мен Муслимде риуаят еткен) және Имам Мәлик, Ахмад, әл-Бухари және Ибн Маджа Сәһл ибн Сағидтен мына сөзбен келетін хадисті риуаят етеді: «Егер сәтсіздік\жамандық белгісі бір нәрседе болса, ол үйде, әйелде және жылқыда болады».
(Басқа риуаятта: «Сәтсіздік\жамандық белгісі үш нәрседе: әйелде, мекенжайда) – бұл «үйден» де ауқымдырақ, (және көлікте») – тек жылқыны емес, барлық көлік құралдарын қамтиды».