June 7

«Адамдарға бір уақыт келеді, олар қабірлерге барып: «Осы қабір иелері болғанда едік қой!», - дейді.

Әбу Ханифа Абдур-Рахманнан, ол Әбу Һурайрадан, оған Аллаһ разы болсын, риуаят етілген хадисте: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Адамдарға бір уақыт келеді, олар қабірлерге барып: «Осы қабір иелері болғанда едік қой!», - дейді. «Уа, Аллаһ Елшісі, бұл қалай болады?», - деп сұрады. Ол ﷺ: «Уақыттың ауырлығынан және көптеген апаттар мен қиыншылықтарға байланысты», - деді».

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Муснад әл-Имам әл-Ағзам» кітабына жазған (хадис нөмір: 502) түсіндірмесінде айтты:

«(«Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Адамдарға бір уақыт келеді, олар қабірлерге барып:), өйткені: «Егер бастарыңға қиыншылық келсе, қабір иелеріне жүгінсін»¹, -деп айтылған. Бұл сөздің мағынасы, қабірлерді зиярат ету, («Осы қабір иелері болғанда едік қой»!) яғни өліп, осы заманның адамдарының жамандығынан құтылар едік қой! («Уа, Аллаһ Елшісі, бұл қалай болады?», - деп сұрады) яғни, осы дәрежеге қалай жетеді? (Ол ﷺ: «Уақыттың ауырлығынан) яғни, сынақтардың қиындығынан (және көптеген апаттар мен қиыншылықтарға байланысты», - деді»). Бұл ақырзаманда болатын ғайыптан болған хабарлардан. Екі «Сахих» жинақта: «Адам қабір жанынан өтіп: «Мен оның орнында болғанымды ғой» демейінше Қиямет болмайды». Яғни, көптеген қиыншылықтардан құтылып, түрлі пәлелерді көрмейтін өлі болғанымда ғой. Әт-Тирмизи Әнәстан, оған Аллаһ разы болсын, риуаят еткен хадисте Пайғамбар ﷺ айтты: «Адамдарға бір заман келеді, олардың арасында дінінде сабырлы болғаны жанып тұрған көмірді ұстағандай болады». Сондай-ақ Ибн Әсакир риуаят еткен хадисте: «Адамдарға сондай заман келеді, солардың ішінде ең сорлысы мүмін болады». Ахмад, әл-Бухари және ән-Нәсаидің риуаятында: «Раббыларыңмен кездескенше, сендерге одан кейінгісі одан да жаманырақ жыл немесе күн келеді» (яғни, әр жыл, әр күн сайын мүміндердің халі нашарлай береді)».

¹Имам Абдул-Хай әл-Ләкнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің пәтуәсында «Егер бастарыңға қиыншылық келсе, қабір иелеріне жүгінсін» деген сөздің мағынасы туралы айтты:

(إذا أعيتكم الأمور فعليكم بأصحاب القبور): ((ليس بحديث بل مقولة. وتوجيهه أنه إذا وقعتم في شبهة من الحكم بأنه حلال أم حرام فاستعينوا من أقوال القدماء الذين هم في القبور ولا تعملوا برأيكم. أو المعنى إذا تحيرتم في الأمور الدنيوية فانظروا إلى أصحاب القبور حيث تركوا الدنيا واختاروا سفر الآخرة أو المعنى إذا عجزتم في تحصيل مقاصدكم فاسئلوا الله بوسيلة أصحاب القبور لتقبل ببركتهم دعاؤكم لا أن تزعموهم حلالين للمشكلات أو مشاركين لله تعالى في تدابير العالم لأنه شرك ظاهر))

«Бұл хадис емес, керісінше терең мағыналы сөз. Оның мағыналарының бірі: «Егер сендер қандай-да бір үкімге күмәндансаңдар, халал ма немесе харам ба деп, онда қабірде жатқан бұрынғылардың сөздеріне (пәтуәларына) жүгін, өз пікіріңмен әрекет етпе!».

Немесе (басқа бір) мағынасы: «Егер дүние ләззатына батсаң, онда қабір иелерінің (яғни, өткен ізгілер) дүниені тастап, ақырет сапарын таңдағандығына қара!» немесе (басқа бір) мағынасы: «Егер мақсатыңа жете алмасаң, онда дұғаларыңыз олардың берекетімен қабыл болуы үшін қабір иелерімен уәсилә етіп Аллаһтан сұра!», бірақ олар (қабір иелері) басқа түскен қиындықты өздігінен кетіреді немесе Аллаһу Тағаламен бірге дүниенің басқаруына серіктес деген оймен емес, өйткені бұл барып тұрған ширк».