Шұлыққа мәсіх тарту бабы.
Шейхул-Ислам имам әл-Марғинани әл-Ханафи өзінің әйгілі «әл-Һидая» кітабында айтты:
«(Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша: Шұлыққа мәсіх тартуға рұқсат жоқ, тек егер олар толығымен терімен қапталған немесе табаны терімен қапталған болса ғана рұқсат етіледі. Ал екі шәкірті (Әбу Юсуф пен Мухаммад): «Егер шұлық қалың болып, шұлық астындағы теріні көрсетпесе, онда мәсіх тартуға болады» — деген.
Олар бұл пікірін Пайғамбарымыз ﷺ шұлықтарына мәсіх тартты деген хадиске негіздейді. Өйткені шұлық қалың болса, онымен жүру мүмкін болады. Ал мұндай шұлық байлаусыз-ақ балтырда берік тұра алады, сондықтан мәсіге ұқсайды.
Әбу Ханифа былай дейді: «Ондай шұлық мәсі сияқты емес. Өйткені онымен үнемі жүру мүмкін емес, тек табаны терімен қапталған болса ғана болады. Хадистің мағынасы да осыған саяды».
Алайда кейінірек Әбу Ханифа өз көзқарасынан қайтып, екі шәкіртінің пікірін қабылдаған, және осыған (яғни, шұлық қалың болып, шұлық астындағы теріні көрсетпесе, онда мәсіх тартуға болады деген көзқарасқа) сай пәтуа беріледі».