April 22

﴾(Уа, Мухаммадтың үмбеті!) Сендер (Раббы-ларыңның қалауымен) күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер﴿.

(Уа, Мухаммадтың үмбеті!) Сендер (Раббы-ларыңның қалауымен) күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер. Үнемі жақсылыққа шақырып, жаман-дықтан тыясыңдар, Аллаһқа кәміл сенесіңдер﴿ «Әли Имран» сүресі, 110-сүресі.

Тура жолдың имамы болған Имам Әбу Мансур әл-Матуриди әл-Ханафи (һ. 333 ж.қ) - Аллаһ оған разы болын - өзінің әйгілі «Тәуиләт әһли әс-сунна» тәпсірінде аяттың түсіндірмесінде айтты:

Бұл аят бірнеше мағынаны қамтуы мүмкін:

Біріншісі: ﴾(Уа, Мухаммадтың үмбеті!) Сендер﴿ — яғни, «болдыңдар» (қалыптастыңдар), ﴾(Раббы-ларыңның қалауымен) күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер﴿ — өйткені сендер жаратылысты құтқарылуға және жақсылыққа шақырасыңдар.

Екіншісі: ﴾(Уа, Мухаммадтың үмбеті!) Сендер (Раббы-ларыңның қалауымен) күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер﴿ — бұл бұрынғы кітаптарда да сендерге осындай сипат берілген, себебі сендер: ﴾Үнемі жақсылыққа шақырып, жаман-дықтан тыясыңдар﴿.

Үшіншісі: ﴾(Уа, Мухаммадтың үмбеті!) Сендер (Раббы-ларыңның қалауымен) күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер﴿ — өйткені сендер жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыйдыңдар.

Төртіншісі: ﴾(Уа, Мухаммадтың үмбеті!) Сендер﴿ — «болдыңдар», ﴾(Раббы-ларыңның қалауымен) күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер﴿ — және олар сондай еді: олар ең қайырлы үммет болды. Сондай-ақ олар өздерінен бұрынғы үмметтерден де абзалырақ болды. Себебі олар Аллаһтың дінін қолдау үшін жанын қиды, Оның сөзін үстем етуге күш салды, әрі Пайғамбарымызды ﷺ бәрінен артық жақсы көрді — тіпті өз жандарынан да артық. Олар оны өздеріне бәрінен лайықты деп білді. Аллаһ — туралыққа жеткізуші.

Содан кейін аятта келген ﴾жақсылық﴿ пен ﴾жамандық﴿ туралы әртүрлі пікір айтылған:

Бір пікір бойынша, ﴾жақсылық﴿ — ақыл дұрыс деп санайтын барлық нәрсе, ал ﴾жамандық﴿ — ақыл жаман көретін барлық нәрсе.

Тағы бір түсіндіруде, жақсылыққа бұйыру — иманға шақыру, ал жамандықтан тыю — күпірліктен тыю. Бұған дәлел ретінде Аллаһ Тағаланың: ﴾Аллаһқа иман келтіресіңдер﴿ деген сөзі келтіріледі. Яғни, өздері иман келтіреді және басқаларды да иманға шақырады, ал күпірліктен тыяды.

Ибн Аббас (Аллаһ одан разы болсын) ﴾(Уа, Мухаммадтың үмбеті!) Сендер (Раббы-ларыңның қалауымен) күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер﴿ аяты жайлы былай деген:

«Адамдардың ең қайырлысы — адамдарға ең пайдалысы. ﴾Үнемі жақсылыққа шақырып, жаман-дықтан тыясыңдар﴿ — яғни, оларды “Аллаһтан басқа тәңір жоқ” деп куәлік етуге және Аллаһ түсірген нәрселерді мойындауға шақырасыңдар әрі соның жолында күресесіңдер. “Лә иләһә иллә Аллаһ” — ең ұлы жақсылық. Ал жамандық — оны жоққа шығару, әрі ол — жамандықтардың ең үлкені».

Әли (Аллаһ одан разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ айтты:

«Маған бұрынғы пайғамбарлардың ешқайсысына берілмеген нәрселер берілді». Біз: «Уа, Аллаһтың Елшісі ﷺ, ол не?» — дедік. Ол айтты: «Дұшпанның менен қорқуымен жәрдем етілдім, жердің қазыналарының кілттері берілді, маған “Ахмад” деген есім берілді, жер беті маған тазалану құралы (таяммум) етілді, әрі менің үмметім ең қайырлы үммет етілді» (Ахмад, 1/98).

(Уа, Мухаммадтың үмбеті!) Сендер (Раббы-ларыңның қалауымен) күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер﴿ деген аяттың екі мағынасы бар:

Біріншісі: сендер бұрынғы пайғамбарлардың тілінде, өткен кітаптарда ең қайырлы үммет ретінде аталған едіңдер.

Екіншісі: ﴾(Уа, Мухаммадтың үмбеті!) Сендер﴿ — яғни «болдыңдар», сендер Аллаһ Елшісіне иман келтіріп, оның әкелгеніне ергендерің себепті жер бетіндегі ең қайырлы үмметке айналдыңдар. Өйткені сендерден бұрынғылардың кейбірі бір бөлігіне иман келтіріп, бір бөлігін жоққа шығарған еді.

Ал ﴾Үнемі жақсылыққа шақырып, жаман-дықтан тыясыңдар﴿ деген сөз үш түрлі мағынаға жорамалданады:

Біріншісі: «жақсылық» — ақыл жақсы деп тапқан нәрселер, ал «жамандық» — ақыл жек көрген нәрселер.

Екіншісі: «жақсылық» — дәлелдер мен айғақтар арқылы жақсы екені белгілі болған нәрсе, ал «жамандық» — дәлелдер арқылы жаман екені анықталған нәрсе.

Үшіншісі: «жақсылық» — пайғамбарлар жақсы деп танытқан нәрселер, ал «жамандық» — олар теріске шығарып, тыйған нәрселер.

Осы мағыналарға сәйкес аяттың тәпсірі түсіндіріледі. Аллаһ жақсырақ біледі.