May 18

Тәбәррук мәселесіндегі Ханбалилер мен уаһабилер

Ислам мухаддистері мен сүннет имамдарының имам Ахмадтың қабірімен шипа емделу:
Ұлы ғұлама Абдул-Ғани әл-Мақдиси - ханбалилер және әсіресе жалпы ғалымдар арасында үлкен мәртебесі бар.
Сондай-ақ хафиз әд-Диа әл-Мақдиси Мухаммад бин Абдул-Уахид.
Сүннетті қолдау мен таратуда және бидғат иелеріне жауап беруде олардың рөлі өте зор.
Бұл әл-Хафиз әд-Диадан және хафиз Абдул-Ғанидің – Аллаһ екеуін де рақымына алсын, келтірген құнды дәйексөз.
Хафиз әд-Диа әл-Макдиси былай деді:

«Мен шейх, имам, ғұлама және хафиз Әбу Мухаммад Абдул-Ғани ибн Абдул-Уахид ибн Әли әл-Мақдисидің: «Қолымда бөртпеге ұқсайтын бірдеңе пайда болды, ол жазылып, кейін қайта шығатын, ұзақ уақыт солай болды, осылайша Исфаханға жол тартып, Бағдадқа қайттым.
Мен имам Ахмад ибн Ханбалдың, оған Аллаһ разы болсын, қабірінің басына барып, онымен қабірін сүрттім, жара жазылып, кейін қайта шықпады!»

Бұл дәл сол оқиғаның қолжазбасы.


Ханбалилер мен боқмұрындар арасындағы айырмашылықты білу үшін оның қасына «Китаб Таухид» деп аталатын кітапты түсіндірушілердің бірінің сөздерінің суретін қойдым:

Бұл жерде уаһабилік шейхсмақтар қабір немесе сол сияқты нәрселермен тәбаррук жасаған адам үлкен ширк жасап мүшрік болады деген.

Бұл боқмұрындар хафиз Абдул-Ғани әл-Мақдисиді құрметтейтіні белгілі, бірақ олар надан және басқаларды былай қойғанда, өздері құрмет тұтатын адамдарының жағдайын білмейді. Олардың жалғыз мақсаты – алдау және жасыру арқылы шайтандары не айтып жатқанын білу.

Уаһабилердің көсемі, хауариджзмді қайта тірілтушы ибн Абдул-Уаһабтың «Китабу әл-Джәуәһиру әл-Мудийя» кітабында айтты: «Адамның ағашты немесе тасты немесе қабірді немесе күмбезді мәсіх етуі, оны құдай қылып алғаны».

Шейх Мухаммад Абдул-Уахид әл-Ханбалидің парақшасынан: https://t.me/Rwaq_manhaji