«Аллаһ қалаған барлық күнәларды кешіреді. Тек ата-ананысының ақысына кіру ғана бұған кірмейді – оның жазасы адамға бұл дүниеде-ақ, жан тәсілім етпей тұрып беріледі».
Хазіретті Әбу Бәкрәһ, Аллаһ одан разы болсын, жеткізген хадисте айтты: Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Аллаһ қалаған барлық күнәларды кешіреді. Тек ата-ананысының ақысына кіру ғана бұған кірмейді – оның жазасы адамға бұл дүниеде-ақ, жан тәсілім етпей тұрып беріледі». Хажисті әл-Байһақи өзінің «Шуғабу әл-Иман» кітабында риуаят етті.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 4945) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(Хазіретті Әбу Бәкрәһ) «һ» әрпімен (Аллаһ одан разы болсын, жеткізген хадисте айтты: Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: ««Аллаһ қалаған барлық күнәларды ) яғни, ширкті қоспағанда, күнәлардың бүкіл түрлерін (кешіреді). (Тек ата-ананы ренжіту ғана бұған кірмейді) себебі – (оның жазасы адамға) яғни, бұл ауыр күнәні істеген кісіге берілетін жаза (бұл дүниеде-ақ, жан тәсілім етпей тұрып беріледі») яғни, жазасы қияметке қалдырылмайды. Мағынасы: «ата-ана ақысына кірген адамның тіршілігінде, оның өлімінен бұрын» дегенге саяды. Басқа бір болжам бойынша: бұл «ата-анансы барында, олар дүние салмай тұрып» деген мағынаны білдіруі де мүмкін. Сондай-ақ, бұл үкім тек ата-ана ақысына ғана қатысты емес, адамдардың ақысына байланысты өзге де ауыр күнәларға да қатысты болуы ықтимал. Себебі бұған ұқсас ауыр ескерту мен қорқыту зұлымдық пен (әділ) басшыға әділетсіз қарсы шығу сияқты күнәлар жайлы да келген. Солай ат-Тыйби де айтты: «Бұл хадистегі «барлық күнәлар» деген сөз – толық қамтуды білдіреді. Яғни, қандай күнә болса да, егер Аллаһтың қалауына байланысты болса, кешіріледі. Бірақ ата-ана ақысына кіру – бұған кірмейді, яғни бұл ерекше атап өтілген аса ауыр күнә. Бұл ескерту қатты қорқыту мен қатаң ескертудің мәнінде айтылған»».
Ибн әл-Мәлік те осы көзқарасты ұстанған. Алайда оның сөздерінде өте үлкен қате бар. Өйткені олар айтқан мағынадан ата-ана ақысына кіру (шірк секілді) Аллаһтың кешіріміне ілінбейді деген тұжырым шығады, тіпті бұл Аллаһтың қалауына байланысты болса да.
Шын мәнінде, хадисте «Аллаһ қаласа, кешіреді» деген сөз – тек ширкті (яғни, Аллаһқа серік қосу) ерекше атап шығару үшін айтылған. Себебі Құранда анық түрде: ﴾Аллаһ өзіне серік қосқанды әсте кешірмейді. Ал одан өзге күнәларды істеген құлдарынан қалағанын кешіреді﴿ – деп айтылған.
Демек, хадистің дұрыс мағынасы: Аллаһтың қалауына байланысты болған барлық күнә кешірілу мүмкін. Бірақ ата-ана ақысына кіру – ондай кешірімге көбіне ілінбейді. Яғни, Аллаһ бұл күнәні көбіне кешірмейді, кешіру ықтималдығы өте аз.
Міне, осы себепті бұл хадис өте қатты қорқыту мен ескерту үшін келген. Бірақ «ата-ана ақысына кірген адам ешқашан кешірілмейді» деп айту да дұрыс емес. Өйткені бұл жағдайда хадистің сөзі Құранға қайшы түсіп қалады. Ал Аллаһ ешқашан Өзі айтқан сөзге Елшісінің сөзін қарсы қоймайды.
Сондықтан Пайғамбардың ﷺ сөзі Құрандағы анық үкімдерге сәйкес түсіндірілуі керек».