Yesterday

 Хазіретті Джабир айтты: «Мен бір әйелге құда түскенде оған үйленуге қызықтыратын нәрсесіне көз салып қарадым, кейін барып үйлендім».

Хазіретті Джабир ибн Абдуллаһ айтты: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Егер біреулеріңіз қызға сөз салса\құда түссе және некеге қызықтыратын нәрсеге (яғни, болашақ жарына) қарауға мүмкіндік болса, солай істесін». Хазіретті Джабир айтты: «Мен бір әйелге құда түсіп оған үйленуге қызықтыратын нәрсесіне көз салып қарадым, кейін барып үйлендім»».

Шейх Халил Ахмад әс-Сәһәранфури өзінің «Бәзлу әл-Мәджһуд» (7\653) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

««Үйленуге қызықтыратын нәрсесіне», яғни: жүзіне «көз салып қарадым», яғни: жасырын қарадым».

Әш-Шәукәни айтты («Нәйл әл-Әутар», 4\185): «Хадис ер адам өзінің болашақ жарына қарауда ешқандай әбестік жоқ екеніне дәлел және көпшілік ғалымдар осы пікірде. Әл-Қади Ғияд болашақ жарына қарауды дұрыс көрмеген деп келеді. Бұл қате және келген дәлелдерге қайшы келетін пікір.

Енді болашақ жарының қай жеріне қарауға болады деген мәселеде ғалымдар хиләфқа түсті: көпшілік ғалымдар болашақ жардың жүзі мен алақанына ғана рұқсат деген пікірде. (Заһири мәзһабының иесі) Дәуіт: «Денесіне қарау рұқсат», - десе, әл-Әузағи: «Етті жерлеріне» қарау рұқсат деді. Хадис ер адам болашақ жарының (жүзі мен алақанына) қыздың рұқсатымен болсын, рұқсатынсыз болсын қарауға болатындығын көрсетеді. Ал имам Мәликтен болашақ жардың (жүзі мен алақанына) тек ол қыздың рұқсатымен ғана қарау рұқсат деп риуаят етіледі».