August 31

«Кімде-кім кемшілігі бар затты сатып, оның кемшілігін айтпаса, Аллаһтың ашуында немесе періштелердің лағынетінде қала береді».

Хазіретті Уасила ибн әл-Асқағ айтты: «Мен Аллаһ Елшісінен ﷺ былай деп айтқаның естідім: «Кімде-кім кемшілігі бар затты сатып, оның кемшілігін айтпаса, Аллаһтың ашуында немесе періштелердің лағынетінде қала береді». Хадисті ибн Маджа риуаят етті.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 2874) түсіндірмесінде айтты:

«(«Кімде-кім кемшілігі бар затты сатып) яғни, бұл жерде «кемшілігі бар» сөзі — ақауы бар нәрсе дегенді білдіреді. Мұнда араб тілінің бір қалыбына сай, «мағына күшейту үшін» қолданылған. Мысалы, «әділ адам» деген — ол адам әділеттің өзі іспетті, яғни түгелімен әділетке толы дегенді білдіреді. Демек, бұл жерде ақауы бар затты сату — тікелей кемшіліктің, ақаудың өзін сатқанмен тең. Бұл — мұсылманға тән әрекет емес. Себебі Пайғамбарымыз ﷺ: «Кім біреуді алдаса, ол бізден емес» – деген; (оның кемшілігін ашып айтпаса) яғни, сатушы сатып алушыға сол кемшілікті айтпаса, білдірмесе (Аллаһтың ашуында): Мұнда екі деңгейлі өте ауыр ескерту бар. Біріншіден, «ашуында» — Аллаһтың ең қатты ашуы, жиренуі деген сөз. Екіншіден, «қала береді» — яғни үздіксіз, тоқтамай деген мағына. Яғни, ол адам Аллаһтың қаһары мен өте қатты ашуы астында тұрақты түрде, үздіксіз қала береді (немесе періштелердің лағынетіне қала береді») бұл жердегі «немесе» күмән үшін [яғни, жазаның нақты қайсысы тиетіні белгісіз: не Аллаһтың ашуының астында болады, не періштелердің лағынетінде болады], немесе түрлендіру үшін [яғни, ол адам бір мезетте әрі Аллаһтың ашуында, әрі періштелердің лағынетінде болуы мүмкін]».