Өлілер тірілердің жағдайынан хабардар ма?
Имам ас-Суюти «әл-Хауй лил-Фәтәуә» (2\207) кітабында айтты:
وأما المسألة الثانية ، وهي علم الأموات بأحوال الأحياء وبما هم فيه ، فنعم أيضا
«Екінші мәселе — өлілер тірілердің жағдайынан хабардар ма?
1. Имам Ахмад өзінің «Муснадында» риуаят етті:
روى الإمام أحمد في مسنده : ثنا عبد الرزاق ، عن سفيان ، عمن سمع أنس بن مالك قال : قال رسول الله صلى الله عليه وسلم : " إن أعمالكم تعرض على أقاربكم وعشائركم من الأموات ، فإن كان خيرا استبشروا ، وإن كان غير ذلك قالوا : اللهم لا تمتهم حتى تهديهم كما هديتنا " .
Бізге Әбдур-Раззақ хабар берді, оған Суфьян, оған Анас ибн Мәликті естіген біреу жеткізген: Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Расында, сендердің амалдарың өлген туыстарың мен руластарыңа ұсынылады. Егер ол жақсы амал болса, олар соған қуанған күйде сүйіншіленеді. Ал егер жақсы болмаса, былай дейді: "Я, Аллаһ! Олар өліп кетпей тұрып, бізді тура жолға салғаның сияқты, оларды да тура жолға сал!"».
2. Әбу Дәуід ат-Тайалиси өзінің «Муснадында» риуаят етті:
وقال أبو داود الطيالسي في مسنده : حدثنا الصلت بن دينار ، عن الحسن ، عن جابر بن عبد الله قال : قال رسول الله صلى الله عليه وسلم : " إن أعمالكم تعرض على عشائركم وعلى أقربائكم في قبورهم ، فإن كان خيرا استبشروا به ، وإن كان غير ذلك قالوا : اللهم ألهمهم أن يعملوا بطاعتك " .
Бізге ас-Салт ибн Динар хабар берді, ол әл-Хасаннан, ол Жәбир ибн Абдуллаһтан риуаят етеді: Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Расында, сендердің амалдарың қабірдегі руластарыңа және туыстарыңа ұсынылады. Егер жақсы болса, олар соған қуанған күйде сүйіншіленеді. Ал егер олай болмаса, былай дейді: "Я, Аллаһ! Оларға Саған мойынсұнуды нәсіп ет!"».
3. Ат-Табарани «әл-Аусат» атты жинағында риуаят етті:
وروى الطبراني في " الأوسط " ، من طريق مسلمة بن علي - وهو ضعيف - عن زيد بن واقد وهشام بن الغاز ، عن مكحول ، عن عبد الرحمن بن سلامة ، عن أبي رهم ، عن أبي أيوب الأنصاري ، أن رسول الله صلى الله عليه وسلم قال : إن نفس المؤمن إذا قبضت ، تلقاها أهل الرحمة من عباد الله كما تلقون البشير من أهل الدنيا ، فيقولون : أنظروا صاحبكم ليستريح ؛ فإنه في كرب شديد ، ثم ليسألونه : ما فعل فلان وفلانة ، هل تزوجت ؟ فإذا سألوه عن الرجل قد مات قبله فيقول : أيهات ، قد مات ذاك قبلي ، فيقولون : إنا لله وإنا إليه راجعون ، ذهب به إلى أمه الهاوية ، فبئست الأم وبئست المربية ، وقال : إن أعمالكم تعرض على أقاربكم وعشائركم من أهل الآخرة ، فإن كان خيرا فرحوا واستبشروا وقالوا : اللهم هذا فضلك ورحمتك ، فأتمم نعمتك عليه وأمته عليها ، ويعرض عليهم عمل المسيء فيقولون : اللهم ألهمه عملا صالحا ترضى به وتقربه إليك.
Бізге әл-Хадис Маслама ибн Али арқылы жеткен, ол – әлсіз. Ол Зәйд ибн Уақид пен Һишам ибн әл-Ғазадан, олар Мәкхулдан, ол Абдуррахман ибн Сәләмадан, ол Әбу Рәһмнан, ол Әбу Айюб әл-Ансариден (Аллаһ одан разы болсын) риуаят етті: Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Шынайы мүминнің жаны алынған сәтте (немесе денесі қабірге қойылған кезде), оны Аллаһтың рақымына бөленген құлдары (яғни, алдын қайтыс болып, Аллаһтың рақымына бөленген мүміндердің рухтары) дүние халқынан жақсы хабар әкелген адамды қарсы алғандай қарсы алады. Сосын олар былай дейді: "Жолдастарыңа қараңдар! Өйткені ол (өлім сәтінен) қатты қиналып келді, демалуына мүмкіндік беріңдер!". Кейін аруақтар одан сұрай бастайды: "Пәленше мен түгенше не істеп жатыр? Түгенше тұрмысқа шықты ма?". Ал егер олар бұрын қайтыс болған біреуді сұраса, ол: "Ол менен бұрын қайтыс болды ғой" — дейді. Сонда олар: "Иннә лилләһи уә иннә иләһи раджиғун – Біз Аллаһқа тәнбіз және Оған қайтамыз" деп айтады және былай дейді: "Оны (бұрын қайтыс болған адамның рухын) «Һәуия» деген анасына¹ алып кетті – неткен жаман ана, неткен жаман тәрбиеші!". Сосын Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Расында, сендердің амалдарың о дүниелік туыстарыңа және руластарыңа ұсынылады. Егер жақсы амал болса, олар қуанған күйде былай дейді: "Уа, Аллаһ! Бұл – Сенің кеңшілігің мен рақымың, бұл нығметіңді толық ет те, оны осы күйде өлтір!". Ал егер амалдары жаман болса, олар былай дейді: "Уа, Аллаһ! Оған Өзің разы болатын жақсы амал істеуді нәсіп ет те, Өзіңе жақындат!"».
¹Мұндағы "ана" деген сөз шынайы анасы деген мағынада емес, керісінше — оның барар жері, қайтып оралатын орны деген мағынада. Сондықтан "оның барған жері — тозақтың түбі болды" деген.
4. Ибн Әби Дунья «әл-Манамат» атты еңбегінде былай риуаят етті:
ورواه ابن أبي الدنيا في " كتاب المنامات " ، عن محمد بن الحسين ، عن محمد بن إسحاق ، عن عبد الله بن المبارك ، عن ثور بن يزيد ، عن أبي رهم ، عن أبي أيوب قال : تعرض أعمالكم على الموتى ، فإن رأوا حسنا فرحوا واستبشروا ، وإن رأوا سوءا قالوا : اللهم راجع به .
Мухаммад ибн Хусейн — Мухаммад ибн Исхақ — Абдуллаһ ибн әл-Мубарак — Сәур ибн Язид — Әбу Рәһм — Әбу Айюб (Аллаһ одан разы болсын) арқылы жеткен: «Сендердің амалдарың өлгендерге ұсынылады. Егер жақсы амал көрсе, олар қуанған күйде сүйіншіленеді. Ал егер жаман амал көрсе, былай дейді: "Уа, Аллаһ! Бұл адамға қайтып (тура жолға) келуді нәсіп ет!"».
5. Имам әт-Тирмизи және әл-Хаким «Нәуәдир әл-Усул» атты еңбегінде мына хадисті келтірген:
وروى الترمذي الحكيم في " نوادر الأصول " ، من حديث عبد الغفور بن عبد العزيز ، عن أبيه ، عن جده قال : قال رسول الله صلى الله عليه وسلم : تعرض الأعمال يوم الاثنين ويوم الخميس على الله ، وتعرض على الأنبياء وعلى الآباء والأمهات يوم الجمعة ، فيفرحون بحسناتهم وتزداد وجوههم بياضا وإشراقا ، فاتقوا الله ولا تؤذوا أمواتكم .
Абдул-Ғафур ибн Абдул-Ғазиз – өз әкесі – өзінің атасы арқылы жеткізген риуаятта Аллаһ Елшісі ﷺ былай деген: «Дүйсенбі және бейсенбі күндері амалдар Аллаһқа ұсынылады. Ал жұма күні амалдар пайғамбарларға және ата-аналарға ұсынылады. Олар жақсылықтарын көргенде қуанып, жүздері ағарып, нұрлана түседі. Сондықтан Аллаһтан қорқыңдар, әрі өлілеріңе зиян тигізбеңдер!».
6. Ибн Әби Дунья өзінің «әл-Манамат» (207 бет) атты кітабында мына хадисті келтіреді:
وروى ابن أبي [ ص: 207 ] الدنيا في كتاب المنامات ، ثنا القاسم بن هاشم ومحمد بن رزق الله قالا : ثنا يحيى بن صالح الوحاظي ، ثنا أبو إسماعيل السلولي : سمعت مالك بن الداء : يقول سمعت النعمان بن بشير يقول : سمعت رسول الله صلى الله عليه وسلم يقول : الله الله في إخوانكم من أهل القبور ، فإن أعمالكم تعرض عليهم .
Бізге ... Нұғман ибн Башир риуаят былай деп риуаят етті: Мен Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегенін естідім: «Қабірде жатқан бауырларың жөнінде Аллаһтан қорқыңдар! Расында, сендердің амалдарың оларға ұсынылады».
7. Ибн Әби Дунья өзінің «әл-Манәмәт» атты кітабында былай риуаят етті:
وقال : ثنا عبد الله بن شبيب ، ثنا أبو بكر بن شيبة الحزامي ، ثنا فليح بن إسماعيل ، ثنا محمد بن جعفر بن أبي كثير ، عن زيد بن أسلم ، عن أبي صالح والمقبري ، عن أبي هريرة قال : قال رسول الله صلى الله عليه وسلم : لا تفضحوا موتاكم بسيئات أعمالكم ، فإنها تعرض على أوليائكم من أهل القبور .
Бізге ... Әбу Салих және Мәқбуриден, олар Әбу Һурайрадан (Аллаһ одан разы болсын) риуаят етті: Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Өлілеріңді жаман амалдарыңмен масқара етпеңдер! Себебі амалдарың қабірде жатқан жақын туыстарыңа ұсынылады».
وقال : ثنا الحسن بن عبد العزيز ، نبأ عمر بن أبي سلمة ، عن سعيد بن عبد العزيز ، عن بلال بن أبي الدرداء قال : كنت أسمع أبا الدرداء يقول : اللهم إني أعوذ بك أن يمقتني خالي عبد الله بن رواحة إذا لقيته .
Бізге әл-Хасан ибн Абдулазиз ... ол Биләл ибн Әби Дардадан риуаят етті: «Мен Әбу Дардадан (Аллаһ одан разы болсын) мына сөзді жиі еститінмін: "Уа, Аллаһ! Егер мен онымен (яғни, нағашым — Абдуллаһ ибн Рауаха) жолықсам, ол мені жек көретін халде болудан Саған сыйынамын!"».
وقال : ثنا أبو هشام ، ثنا يحيى بن يمان ، عن عبد الوهاب بن مجاهد ، عن أبيه قال : إنه ليبشر بصلاح ولده من بعده لتقر بذلك عينه .
Бізге ... Абдул-Уаһаб ибн Мужаһидтен, ол өз әкесінен риуаят етті: «Адамға өзінің баласының ізгі болғаны жөнінде сүйінші беріледі, сонда ол соған көзі қуанып, жүрегі тыныш табады».
Бұл хадистер мен екі «Сахих» жинағында келген мына хадис арасында ешқандай қайшылық жоқ: «Мен сендерден бұрын хауз жанында тұрамын. Сол жерде менің алдымнан кейбір адамдар қуылып шығарылады. Сонда мен: “Уа, Раббым! Бұлар – менің сахабаларым ғой!” – деймін. Сонда маған: “Расында, сенен кейін олардың не жаңалықтар енгізгенін білмейсің”».
Сол себепті Аллаһ Елшісіне ﷺ қабірінде үмбетінің амалдары ұсынылатындар — шынайы, тақуа мүминдер. Олар Аллаһқа және Елшісіне ﷺ шынайы түрде мойынсұнған, діндерін бұрмаған, өзгерістер енгізбеген адамдар. Осындай мүминдердің амалдары ұсынылғанда Аллаһ Елшісі ﷺ олардың жақсылықтарына шүкір айтып, жамандық жасағандары үшін оларды кешіруді тілейді. Өйткені олар ﴾бір ерт істеген күнәні әдейі қайта істемейді﴿.
Ал енді сенім және иман мәселесінде ауытқыған, адасқан ағымдар — өз сенімдерін бұрмалаған, Аллаһ Елшісінің ﷺ жолынан қатты адасқан топтар — олар, яғни Пайғамбарымыздың ﷺ жолында болмағандар, ондайлардың амалдары оған ұсынылмайды. Себебі олардың амалдарының ұсынылуында пайда жоқ. Пайғамбар ﷺ ондайларға Аллаһтан жарылқау сұрамайды. Бұлар — Аллаһ Елшісі ﷺ айтқан адасқан ағымдар:
«Яһудилер жетпіс бір немесе жетпіс екі топқа бөлінді, христиандар жетпіс бір немесе жетпіс екі топқа бөлінді. Ал менің үмметім жетпіс үш топқа бөлінеді» — (әл-Хаким, Әбу Һурайрадан (Аллаһ одан разы болсын)).
Осы хадиске сәйкес, үммет ішіндегі адасқан ағымдардың амалдары Аллаһ Елшісіне ﷺ барзах әлемінде ұсынылмайды. Пайғамбар ﷺ ондайлар үшін Аллаһтан жарылқау да сұрамайды.
Ал ақыретте олар туралы Аллаһ Елшісі ﷺ былай дейді:
«Менен кейін дінді өзгерткендер менен алыстатылсын, алыстатылсын!» — (Бухари мен Муслим, Сахл ибн Сағдтан (Аллаһ одан разы болсын)).
Аллаһ Елшісі ﷺ қабірінде де, қиямет күні де біз үшін жарылқау тілейтін адамдар қатарынан етсін! Бізді мына адамдардың санатына қоссын: ﴾Мүміндер арасында Аллаһқа берген сертінде тұрған нағыз ерлер бар. Олардың кейбірі уәдесінде тұрып, (Аллаһ жолында) жаны пида қылды. Енді біреуі (өз кезегін) күтуде. Олар серттеріне әсте тайған да, әуелгі қалыптарынан еш айныған да емес﴿ («Ахзаб» сүресі, 23-аят).