Пайғамбарымыздың ﷺ қабірін зиярат ету және оның мустахабтары
948 - Бізге Мәлик пен Абдуллаһ ибн Динар Ибн Омардан жеткізеді: «Ибн Омар сапарға ниет еткенде немесе сапардан қайтқанда Пайғамбардың ﷺ қабірінің басына барып, салауат айтып, кейін дұға етіп, сосын үйіне қайтатын».
Шейх Усман ибн Сағид әл-Камахи әл-Ханафи «әл-Муатта» кітабына жазған шархы «әл-Муһәийән фи кәшфи исрар әл-Муатта» (314/4) кітабында айтты:
Мухаммад айтты: «Мәдинаға келген кезде солай істеу керек: Пайғамбардың ﷺ қабіріне бару керек».
(Бізге Мәлик пен Абдуллаһ ибн Динар Ибн Омардан жеткізеді: «Ибн Омар сапарға ниет еткенде) яғни, сапарға шықса және Пайғамбармен ﷺ қоштасуды қаласа (немесе сапардан қайтқанда) яғни, сапарда қайта оралған кезде Пайғамбарға ﷺ сәлем беруді қалайтын, тіпті Ол ﷺ қабірде болса да (Пайғамбардың ﷺ қабірінің басына барып) оған (салауат айтып), яғни, сәлем бергеннен кейін: «Аллаһтың салауаты мен сәлемі саған болсын уа Аллаһтың Елшісі» дегеннен (кейін дұға етіп) яғни, Аллаһтың разылығын іздеп Пайғамбармен ﷺ тәуәуссул жасап дұға етіп, (сосын үйіне қайтатын), Пайғамбар ﷺ мен екі сахабасының қабірінен бұрылып, әрқайсысына сәлем беріп үйіне қайтатын. Бәлкім, бұл асығыс уақыттағы жалпы зияраттың түсіндірмесі шығар, бірақ уақыт кеңшілік уақытта келетін болса, онда мен «Нурул-Идах» кітабының шархы «Сәләм әл-Фәләх» түсіндіргендей.
(Мухаммад айтты: «Мәдинаға келген кезде солай істеу керек: Пайғамбардың ﷺ қабіріне бару керек) яғни: және сол сияқты, егер Мәдинадан сапарға шығуды қаласа, әсіресе (береке уақыты болған) таңертең және кешке, және басқа уақыттарда Пайғамбарымыздың ﷺ қабір басына келеді, яғни: мешітте сәлем намазынан кейін. Әбу Ханифа Ибн Омардан, оған Аллаһ разы болсын, риуаят етті: «Аллаһ Елшісінің қабіріне құбыла жағынан келіп қабірге жүзденіп, сосын былай деп айту сүннеттен: «Уа, Пайғамбар, саған Аллаһтың сәлемі, рақымы мен берекеті болсын». Солай (Мулла) Әли әл-Қари (әл-Ханафи әл-Матуриди) деді».