Yesterday

Сарф (исламдағы ақша айырбастау ережелері).

▪️ Егер айырбасталатын екі нәрсе бір жыныстан болмаса (мысалы, доллар мен теңге немесе алтын мен күміс), онда бағаны үстінен қосып сату – рұқсат, ал уақытша кешіктіру – харам. (Мысалы: Айдос Берікке доллар сатса, Беріктің: «Теңгені кейін беремін» деуі – рұқсат емес. Бірақ 1 долларды 500 теңгеге сату – рұқсат. (Жыныстары әртүрлі болған) алтынды күміске, не риалды долларға айырбастау – рұқсат, бірақ мына шартпен: Айырбас заттары сол мәжілісте қолма-қол берілуі шарт.
– Мысалы: бір грамм алтынды 50 грамм күміске немесе 5 долларды 25 риалға сату – рұқсат. Бірақ сол мәжілісте қолма-қол берілу шартымен (яғни, сатып алушы мен сатушы бір-бірінен ажыраспай тұрып, айырбас заттарын қолдарына алуы керек).

▪️ Егер екі тараптың екеуі немесе біреуі айырбастап жатқан нәрселерін (мысалы, доллар мен теңгені) бір-бірінің қолына алмай тұрып мәжілістен кетіп қалса, онда келісім батыл болады (яғни, сауда бұзылады).

Шейх Мухаммад Әли ибн Шәфиқ ән-Нәдуй әл-Ханафи, «әл-Фиқһу әл-Муиассар мәғә Бидаяту әл-муфти уә ниһаяту әл-мустафти», 346 бет.