Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Өз отбасынан тыс сәнденіп жүрген әйелдің мысалы – қиямет күніндегі нұры жоқ түнектей қараңғылық секілді».
Бізге Әли ибн Хашрам, ол Иса ибн Юнустен, ол Муса ибн Убайдадан, ол Айюб ибн Халидтен, ол Пайғамбардың ﷺ қызметшісі болған Мәймуна бинт Сағдтің былай деп айтқаның жеткізеді: Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Өз отбасынан тыс сәнденіп жүрген әйелдің мысалы – қиямет күніндегі нұры жоқ түнектей қараңғылық секілді».
Муфти Асғар Әли ар-Раббани әл-Ханафи әл-Матуриди «Джәмиғу әт-Термизи уә әл-мәзһәб әл-Ханафи» (4\421) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«Бұл хадис – Мәймуна бинт Сағдтан жеткен риуаят – әйелдің сыртқа сәнденіп шығуының мәкруһ екенін білдіреді. Мұндағы «өз отбасынан тыс» деген сөз – күйеуі мен махрам туыстарынан басқа бөтен ерлерді меңзейді. Бұл үкім ханафи мәзһабының ғалымдарының көзқарасына да сай келеді.
1. Шейх Рашид Ахмад әл-Кәнкуһи әл-Ханафи әл-Матуридидің (орыс тілді аудиторияда Гангохи атымен танымал) «әл-Кәукәбу әд-Дуррий» (2\258) кітабында:
«Қиямет күніндегі нұры жоқ түнектей қараңғылық секілді» деген сөздегі «түнек» пен «күн» арасындағы байланыс анық. Бірақ бұл жердегі сөз тіркесін жалпылау мен қорқынышты арттыру үшін қолданылған ерекше тәсіл деп түсінуге де болады. Яғни, әйел бұл дүниеде жасыруы тиіс зейнеті мен денесін көрсеткені үшін, қиямет күні ең қатты түнекке салынып, жазаға тартылады.
«Қиямет» деп отырғаны – бірінің үстіне бірі жамылған қалың түнек. Бұл жайында Аллаһу Тағала «Нұр» сүресінің 40-аятында: ﴾Тұңғиық теңізді жапқан қою қараңғылық іспетті. Үсті-үстіне толқын басқан, оның үстінен қап-қара бұлт қаптаған, бірінің үстінен бірі төнген қат-қабат қараңғылықтар. Осынау қат-қабат қараңғылық ішінде қалған адам созған қолын да көре алмайды. Алла кімге нұр бұйырмаған болса, ол нұрдан мүлдем мақұрым қалмақ (яғни оның жүрегі, ақыл-ойы, сана-сезімі, бұл дүниедегі тіршілігі мен ақиреті нұрдан мақұрым болып, қат-қабат зұлмат ішінде қалмақ)﴿ деген. «Нұры жоқ» деген сөз – тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да қолданылған. Яғни, ондай әйелдің бұл қылығына ақтайтын ешқандай дәлелі де, сылтауы да, дәйекті сөзі де болмайды. Оның айтқаны қабылданбайды, сылтауы ескерілмейді».
2. Джару-Ллаһ Махмуд ибн Омар әз-Зәмахшари әл-Ханафидің «әл-Фаиқ фи ғариб әл-хадис уәл-Әсар» (2\72) кітабында:
«Сәндену» (яғни, арабша мәтінде келген «рафилә») деп – сән үшін киімін сүйретіп, маңғазданып жүретін әйелді айтады. «Мурфәлә» деп – ұзын көйлек киіп, тәкаппарланып жүретін киімді меңзеген».