August 15
«Аллаһ Елшісі ﷺ әйелге шашын түгелдей алып тастаудан тыйды».
Хазіретті Әли мен Айша анамыз, Аллаһ ол екеуінен разы болсын, риуаят еткен хадисте айтты: «Аллаһ Елшісі ﷺ әйелге шашын түгелдей алып тастаудан тыйды». Хадисті Әт-Тирмизи риуаят етті.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 2653) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
(«Аллаһ Елшісі ﷺ әйелге шашын түгелдей алып тастаудан тыйды») яғни, бұл — ихрамнан шыққан кезде де, немесе жалпы жағдайда да әйелге шашын түгелдей алып тастаудан тыйды, егер тек аса зәру жағдай болмаса. Өйткені әйелдің шашын толық алуы — ер кісінің сақалын қыруымен тең. (Хадисті Әт-Тирмизи риуаят етті) және сондай-ақ ән-Нәсәи риуаят еткен.