Әйелдер арасындағы теңдік.
• Екі әйелге үйленген адам олардың арасында үй, тамақ, киім жағынан әділетті болуы қажет — мейлі екеуі де жас немесе егде болсын, яки біреуі жас, екіншісі үлкен болсын — егер біреуінде бір түн түнеген болса, екіншісінде де бір түн түнеуі тиіс. Егер біреуінде екі түн түнесе, екіншісінде де екі түн түнеуі керек¹.
• Жас пен үлкеннің, бұрынғы мен кейінгі әйелдің арасында ешқандай артықшылық жоқ — бәрі бірдей, әділетпен қарау міндетті.
• Әйелдер арасында әділет түнгі уақытта жүзеге асырылуы керек: егер ер кісі бірінші әйеліне ақшамнан кейін оралып, екінші әйеліне құптаннан кейін баратын болса — бұл күнә болады. Күндізгі уақыттарда теңдік сақтау міндет емес: егер күндіз біреуінде көп қалып, екіншісінде аз қалса — оқасы жоқ. Алайда, егер күйеуінің жұмысы түнде болатын болса (мысалы, күзетші секілді), онда күндіз теңдік сақтау уәжіп.
• Егер әйелдерінің бірі науқастанып қалса (мысалы, қосылуға жарамсыз күйде болса), соған қарамастан күйеуі оған түнін бөлуге міндетті. Барлық жағдайда — теңдік сақтау уәжіп.
• Сүйіспеншілік (махаббат) жағынан теңдік сақтау міндет емес: егер ер кісі бір әйелін көбірек жақсы көрсе — бұл үшін айып жоқ, себебі адамның жүрегі өз қалауында емес.
• Сапарға шығу кезінде теңдік сақтау міндет емес. Ер кісі сапарға әйелдерінің бірін ғана ертіп шығуына болады. Кімді қаласа, соны алып шыға алады. Бірақ ең әділетке жақын болғаны — жеребе тастап анықтау, яғни кімді алып шығатынын жеребемен шешу.
¹Түнегенде жыныстық қатынас болуы шарт емес, бастысы – қасында түнеу.
Үмметтің данасы Шейх Ашраф Әли әт-Тәһәнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди, «Бәһишти Зиуәр», 293 бет.