August 17

﴾Сендерге не көрінген?!﴿

﴾Сендерге не көрінген?! Жазықсыз жапа шегіп: «Уа, Раббымыз! Бізді халқы залым болған мына ауылдан алып шығып, құтқара көр! Өз тарапыңнан бізге бір қамқоршы жібере көр, сондай-ақ Өз тарапыңнан бізге қол ұшын берер медеткер жолдай көр», – деп жалбарынған қауқарсыз, шарасыз бір қауым ер, әйел һәм бала-шаға үшін Аллаһ жолында неге соғыспайсыңдар?!﴿ («ән-Ниса», 75).

Тура жолдың имамы болған Имам Әбу Мансур әл-Матуриди әл-Ханафи (һ. 333 ж.қ) - Аллаһ оған разы болын - өзінің әйгілі «Тәуиләт әһли әс-сунна» тәпсірінде аяттың түсіндірмесінде айтты:

«Бұл аятта мынадай дәлел бар: мұсылмандар кәпірлердің қолына түскен тұтқындарын қандай жолмен болсын — мал-дүние жұмсау, соғысу немесе басқа да амалдар арқылы — құтқарып алуға міндетті. Бұл — мұсылмандарға парыз. Олар тұтқындарды кәпірлердің қолында тастап қоюға құқылы емес. Себебі Аллаһу Тағала былай дейді: ﴾Сендерге не көрінген?! Жазықсыз жапа шегіп ..., қауқарсыз, шарасыз бір қауым ер, әйел һәм бала-шаға үшін Аллаһ жолында неге соғыспайсыңдар?!﴿ («ән-Ниса», 75). Және бұл аят ақыл кірген балалардың Исламы шынайы Ислам екенін және олардың күпірлігі де шынайы күпір болатынын дәлелдейді (яғни, ақыл кірген баланың Ислам қабылдаған шаһадасы да, күпірлігі себепті діннен шығуы да есепке алынады).
Аллаһу Тағала: ﴾…һәм бала-шаға үшін ...﴿ деп айтқан. Ал үлкен кісілер мен әйелдер «бала-шаға» деп аталмайды, бұл атау тек кішкентайларға қатысты қолданылады.

﴾…һәм бала-шаға үшін ...﴿ – себебі Аллаһ оларды кәпірлердің қолында қалдырғаны үшін жазғырды (яғни, Ислам дінің қабылдаған балаларды кәпірлердің қолында қалдырғаны үшін). Егер кәпірлердің [ақыл кірген, Ислам қабылдаған] балалары [кәпір болып қала беретін] болғанда, онда бұл жазғырудың еш негізі болмайтын еді. Себебі Аллаһ кәпір балаларды кәпірлердің қолында қалдырғаны үшін ешкімді жазғырмаған. Бұл – Аллаһтың оларды (яғни, ақыл кіріп дін қабылдаған балаларды) тұтқын болып қалдырғаны үшін ғана жазғырып отырғанын білдіреді».