Дәрет алған кезде ауыз бен мұрынға жеке-жеке су алып жуу сүннет пе?
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің «Фәтху баб әл-Ғиная» кітабында (дәрет бабы) айтты:
«Ауызды мұрын секілді әр қайсысын үш-үштен жуу сүннет, Шәфиғи мен Мәликилер айтқаны секілді, Пайғамбар ﷺ дәрет алған кезде алақандағы бір сумен екеуін (яғни, ауыз бен мұрынды) үш мәртеден жуды деп риуаятына сай айтқандары секілді емес (яғни, алақанға су алып, сол сумен ауызды және мұрынды жуу)¹. Біз ат-Табарани Кәғб ибн Амр әл-Иәмиден Пайғамбар ﷺ ауызын үш рет және мұрнын үш рет жуды және әр қайсысына жеке-жеке су алды, кейін жүзін жуып, сосын басының бас жағынан бастап, желке жаққа дейін мәсіх жасады деп ашық келген хадисіне сүйенеміз.
¹Егер солай істейтін болса, онда мұрынды үш рет жуу деген сүннетті орындамаған болады.
Ат-Табарани және Әбу Дәуіт Талха ибн Мусаррифтен, ол өз әкесінен, ол атасынан Пайғамбар ﷺ дәрет алған кезде ауызын үш рет, мұрнын үш рет және әр қайсысына жеке-жеке су алғандығын риуаят етті. Жоғарыда келген хадистердің сахихтығы бекігеннен кейін, әр сахаба (яғни, жоғарыда бір-біріне қарама-қайшы болып көрінген риуаяттарда сахабалар) өз көргендерін риуаят еткен және бұл хадистер асыл сүннетке жетуде бір-бірін теріске шығармайды, бұл жердегі хиләф тек абзалдықтың артықшылығында ғана.
Және ауыз бен мұрынды бөлек-бөлек су алып жуу керек екендігіне дәлел Әбу Дәуіт Талха ибн Мусаррифтен, ол өз әкесінен, ол атасынан Пайғамбар ﷺ дәрет алып, ауыз бен мұрның жуған сәтте араларын бөліп істейтін (яғни, бірінші ауызын үш рет, кейін мұрнын үш рет жуды) деген риуаяты. Бұл туралы әл-Мунзири үндемеді және бұл хасан (жақсы) хадис. Бірақ Әбу Дәуіт өзінің «әс-Сунән» жинағында хазіретті Әлиден, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбар ﷺ дәрет алғанда ауыз бен мұрнын бір сумен жуды деген жоғарыдағы хадиске қарама-қайшысын риуаят етеді. Хазіретті Әлидің, Аллаһ одан разы болсын, бұл сөзін дәрет кезінде ауыз бен мұрынды бір сумен жуу рұқсат екендігін көрсету үшін деп жорамалдаймыз. Расында бірінші келтірген (яғни, ауызды үш рет, кейін мұрынды үш жуу туралы) хадиске амал еткен абзал».