Тақлид мәселесі
«Тақлид дегеніміз - амалда, пәтуәда немесе сенімде жақсы оймен [біреудің артынан] дәлелсіз еру. Ақида мәселесінде тақлид жасау рұқсат емес, бәлки дәлелдерді білу керек, тіпті жалпылама дәлелдер болсадағы. Аллаһу Тағала айтты: {(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Күллі аспан әлемінде және жерде не нәрселер бар екеніне һәм не болып, не қойып жатқанына зер салып қараңдар», – деп айт}. Жалпы ақида мәселесінде тақлид жасауды сөккен аяттар өте көп және соған барлық ғалымдар бірауыздан келіскен. Тіпті ақидасы дұрыс болсада ақида мәселесінде тақлид жасау біздің құзырымызда күнә!
Ал амал [фиқһ] мәселесінде сенімді муджәһидтің артынан тақлид жасау рұқсат, бірақ ұзақ уақыттан бері иджтиһад жасаудың шарттары [ешкімде] табылмағандықтан иджтиһад тоқтады. Муджтаһидтің мәзһабын білудің жолы - ғалымдар арасында кең таралған кітаптарды оқып зерделей отырып одан үкім шығара алатын, амалы мен білімі сенімді болған адамдардың [мәзһаб үкімін] жеткізуімен ғана шектелді. Барлық [фиқһ] кітаптарда жазылған нәрселерге және өздерін білім иесі деген атпен атайтын әрбір адамның қаулысымен амал етуге болмайды! Міндетті түрде [ғалымның] білімімен бірге тақуалығы болу керек! Және күнімізде төрт мәзһаб бір реттілікке келгендігі үшін адам нақты бір муджәһидтің артынан еру міндет емес, бәлки басына түскен қандай-да бір мәселеде қалаған төрт мәзһабтың біріне тақлид жасаса болады [яғни, екіленбестен бір мәзһабты ұстанса болады]».
Фақиһ, шейх Халил ибн Абдул-Қадир әш-Шәйбани әл-Ханафи, «әд-Дурару әл-Мубаха», 360 бет.