«Жалғыз (жолға шыққан) адам — шайтан, екі адам — екі шайтан, ал үшеу — жолаушылар (яғни, сапардағы серіктер)».
Бізге Ахмад ибн Абдаһ ад-Дыйбби әл-Басри ол Суфиян ибн Ғунәйнәдан, ол Асим ибн Мухаммадтан, ол әкесінен, ол Ибн Омардан Аллаһ Елшісінің ﷺ мына сөзін риуаят етті: «Егер адамдар жалғыздықтың (сапар кезіндегі) қандай (қауіпті) екенін мен білгендей білгенде, түнде ешкім жалғыз жолаушыламас еді». «Яғни: жалғыз сапарға шықпас еді».
Бізге Исхақ ибн Муса әл-Әнсари, ол Мәғіннен, ол Мәликтен, олар Абдур-Рахман ибн Хармаладан, ол Амр ибн Шуғайбтен, ол әкесінен, ол атасынан Аллаһ Елшісінің ﷺ мына сөзін жеткізді: «Жалғыз (жолға шыққан) адам — шайтан, екі адам — екі шайтан, ал үшеу — жолаушылар (яғни, сапардағы серіктер)». Әт-Термизи (1673, 1674).
Муфти Асғар Әли ар-Раббани әл-Ханафи әл-Матуриди «Джәмиғу әт-Термизи уә әл-мәзһәб әл-Ханафи» (6\290) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«Ибн Омардың хадисі арқылы бір адамның жалғыз өзі сапарға шығуының мәкруһ екендігі дәлелденген. Сондай-ақ, Амр ибн Шуғайбтың әкесі мен атасы арқылы жеткізген хадисі де осыны бекітеді. Ол хадисте былай делінеді: «Жалғыз (жолға шыққан) адам — шайтан, екі адам — екі шайтан...». Бұл — бір не екі адам болып сапарға шығудың мәкруһ екеніне дәлел.
Аталған мәкруһтық шариғаттағы мәкруһ (тахрим) емес, қайта тәрбие мен нұсқау мәнінде, яғни одан да абзалына бағыттау мақсатында айтылған.
Омар ибн әл-Хаттабтан (Аллаһ одан разы болсын) бір адам жалғыз сапарға шыққанда былай дегені риуаят етілген: «Ол өлсе қайтеміз? Кімнен сұраймыз?»
Омардың бұл сөзі де — жалғыз сапарлаудың мәкруһ тәнзиһ екеніне дәлел, тахрим емес. Біздің ханафи мәзһабындағы ғалымдар да осы көзқарасты ұстанған.
(Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуридидің) «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 4347) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Жалғыз (жолға шыққан) адам — шайтан) өйткені жамағаттан айыр қалады, сапар қиындыққа соғады, қажет кезінде жәрдем болмайды және өлімге ұшырау мүмкіндігі бар, (екі адам — екі шайтан) — өйткені егер біреуі қайтыс болса немесе ауырып қалса, екіншісі жалғыз қалады, оған көмек беретін ешкім болмайды, (ал үшеу — жолаушылар (яғни, сапардағы серіктер)») яғни, жамағат. Хадисте: «Аллаһтың қолдауы жамағатпен бірге» делінген.
Әл-Мәзһар былай айтты: «Яғни, адамның жалғыз жүруі де, екі адам болып жүруі де – тыиылған іс. Ал кім тыйым салынғанды істесе, ол шайтанға бойұсынған болады, ал шайтанға бойұсынған адам – шайтанның өзі секілді. Сондықтан Пайғамбар ﷺ оған шайтанның атауын қолданды».
«Шарху әс-Сунна» кітабында былай делінеді: «Менің түсінуімше, бұл хадистің мағынасы – Саид ибн әл-Мусаййибтен келген мурсәл риуаятпен түсіндіріледі: «Шайтан жалғыз жүрген адамға немесе екеуге ғана шабуыл жасайды. Ал үшеу болса – оларға шабуыл жасамайды».
Омар (Аллаһ одан разы болсын) жалғыз өзі сапарға шыққан бір адам туралы: «Айтыңдаршы, ол өліп қалса, кімнен сұраймыз?» – деген.
Әл-Хаттаби айтты: «Сапарда жалғыз жүрген адам қайтыс болса, оны жуындырып, кебіндеп, жерлейтін ешкім болмайды. Сондай-ақ мал-мүлкіне өсиет қалдыратын адам да болмайды, мүлкін отбасына жеткізетін де, жағдайын жеткізетін де ешкім болмайды. Жүгін көтеруге де көмекші табылмайды.
Ал егер олар үшеу болса: бір-біріне көмектеседі, ауыр жұмыстарды кезектесіп атқарады, қарауылға кезекпен тұрады, намазды жамағатпен оқиды, және және бұл істердің сауабына бірге қол жеткізеді».
Ескертпе: Бұл үкім — ер адамдарға қатысты, себебі әйел адамның күйеуінсіз не махрамсыз сапарға шығуына шариғатта рұқсат жоқ.