Ғалымдарға қызмет ету мен оларды құрметтеу.
Жалпы мұсылмандар ғалымдарына төрт себеппен қызмет етулері керек:
• Оларға Ислам үшін қызмет ету керек. Мұсылман Аллаһ жолындағы бауырын тек Аллаһу Тағаланың разылығын қалап зиярат етсе, оған жетпіс мың періште салауат айтып, дұға етеді. Қарапайым мұсылманды зиярат етудің артықшылығы осындай болса, ғалымдарды зиярат ету жайында не деуге болады?!
• Жалпы мұсылмандар ғалымдарды зиярат етулері керек. Өйткені олардың жүректері — діни ілімдердің ыдысы, әрі олар пайғамбарлық мұраны арқалаған. Расында, ғалымдар — пайғамбарлардың мұрагерлері. Сондықтан ғалымдар барынша құрметке, ізетке және қадірлеуге лайық.
• Сондай-ақ ғалымдарды зиярат ету керек. Өйткені олар — дін мәселесінде біздің іс басындағыларымыз. Олар біздің амалдарымыз бен діни жүріс-тұрысымызға бағыт-бағдар беріп отырады.
• Жалпы мұсылмандар, әсіресе ауқатты адамдар ғалымдар мен ізгі кісілерге барып, олардың материалдық жағдайларын біліп тұрулары керек. Егер дәулетті әрі қайырымды мұсылмандардың бір бөлігі ғалымдарды зиярат етіп, жағдайларын біліп, материалдық қажеттіліктерін өтеп тұрса, ғалымдар өздерін ілім мен дінге қызмет етуге оңайырақ арнай алады. Сонда олар білім беру, тәрбие және дағуат саласындағы міндеттерін ең көркем түрде атқара алады. Мұндай жақсылық жасаған адамға Аллаһу Тағаланың алдында сауап бар.
Алайда ғалымдарға көмек көрсету үлкен ғалымдардың бақылауымен әрі олардың кеңесімен жүзеге асқаны жөн. Себебі кімнің көмекке көбірек мұқтаж екенін солар жақсырақ біледі. Ал қарапайым мұсылмандардың арасынан мұқтаж адамды өзі анықтап, оған тікелей жәрдем бере алатын болса, мұны өзі тікелей жасауында еш әбестік жоқ.