June 20

Мұсылманның айыбын жасыру мәселесі

Үмметтің данасы Ашраф Әли әт-Тәһәнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди «Тәкмилату әхкаму әл-Қуран әлә дау мә ифада» (11/232) кітабында айтты:

«Әс-Суюти айтты: «Аллаһу Тағаланың: ﴾Иман келтіргендер арасында арсыздық атаулының етек алуын көксейтіндерге келсек, оларға бұл жалғанда да, ақиретте де жан төзгісіз ауыр азап бар﴿ деген аятына келсек, бұл мүміндердің айыбын жасыруға және масқараламауға шақырады.

Әл-Джассас айтты: «Бұл аятпен Аллаһу Тағала мүміндер туралы жақсы ойда болуды және олар үшін жақсылық ойлаудың парызын түсіндіреді. Аллаһу Тағала мүміндердің кемшілігін әшкерелеуді, оларға жала жабуды және олардың артынан жаман сөз айтуды қалайтындарға азап туралы уәде берді және мұны оларды жазаға лайық үлкен күнә қылды. Жән бұл аят мүміндердің өздеріне зиян тигізетін амалдар мен сөздерден тыйылу уәжіп болғаны сияқты таза жүректі сақтаудың міндет екендігін көрсетеді».