«Егер Аллаһу Тағала қандайда бір құлына жақсылық қаласа, оны қолданады...»
Хазіретті Әнәс Пайғамбардың ﷺ былай деп айтқаның жеткізді: «Егер Аллаһу Тағала қандайда бір құлына жақсылық қаласа, оны қолданады», - деді. Адамдар: «Қалай қолданады, уа, Аллаһтың елшісі?», - деп сұрады. Ол ﷺ: «Оны өлмес бұрын салиқалы амал жасауға бағыттайды», - деді» (хадисті әт-Термизи риуаят етті).
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 5288) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Егер Аллаһу Тағала қандайда бір құлына жақсылық қаласа,) яғни, өмірінің соңында; (оны өз дініне қолданады», - деді) яғни, салиқалы амалдарға амал етуші қылады. ( Адамдар: «Қалай қолданады, уа, Аллаһтың елшісі?», - деп сұрады) яғни, ол адамды Аллаһы Тағала әрдайым қолданады ма?; (Ол ﷺ: «Оны өлмес бұрын салиқалы амал жасауға бағыттайды», - деді») яғни, тәубе етіп, ғибадат етіп, ақыры қайырлы болып өлгенше өз дінінде бекім етеді. Және «әл-Джәмиғу» кітабында хадистің қосымшасында: «Содан (тәубе етіп, ғибадат еткеннен) кейін Аллаһу Тағала оның жаның алады». (Хадисті әт-Термизи риуаят етті) яғни: «Хадистің тізбегі сахих деді».