December 12, 2024

Ғұлама мухаддис, шейх, муфти Зафар Ахмад әл-Усмани әл-Ханафи құда түскен \сөз салған болашақ жарына қарау мәселесі

Мен айтамын: «Аты аталған хадистер болашақ жардың жүзі мен алақаны секілді әурет болмаған нақты жерлерге ғана қару рұқсат екенін көрсетеді, ал әурет жеріне қарауға болмайды және болашақ жарына (яғни, жүзі мен алақанына) қараған сәтте шаһуат болмау керек деген шарт та қойылмайды. Өйткені ер адам өзінің болашақ жарына қараған сәтте шаһуаттан аман болуы мүмкін емес. Бірақ оның қарауы шаһуатын басу үшін емес, болашақ келін ұнайды ма, жоқ па деген сүннетті тұрғызу (яғни, неке) ниетімен ғана қарайды.

Егер: «Хазіретті Джабирдің хадисінде: «(Болашақ жарымен) некеге қызықтыратын нәрсеге қарауға мүмкіндік болса, солай істесін»,- деп айтылған ғой. Некеге қызықтыру жалпылықты қамтиды, тек жүзі мен алақаны емес», - десеңіз, біз былай деп жауап береміз: «Бұл жердегі қарау жалпылықты емес, бәлки тек аса зәрулік үшін екеніне ишара. Сондықтан қараған сәтте зәрулік шеңберден шықпаған жөн, өйткені бұл зәрулік болашақ жардың жүзі мен алақанына қарауға рұқсат береді және қарауды сол екі жермен шектеген жөн (яғни, зәрулік қарау шегі болашақ жардың жүзі мен алақанымен ғана шектеледі, одан басқа жеріне қарау харам)».

Бұл мәселеде пікірталас жүргізуге орын бар, бірақ зияны жоқ. Өйткені бұл мәселе иджтиһади мәселе, ал бұл пікірталассыз болмайды ғой. Муджтаһидтің жүрегі бір дәлелді таңдап, соны қанағат тұтса, онда бұл ол үшін және оның ерушілері үшін дәлел болады.

«Ән-Нәил» (6\16) кітабында айтты: «Болашақ жарының тек жүзі мен алақанымен шектеген көпшілік мәзһабты құрайды. (Заһири мәзһабының иесі) Дәуіт айтты: «Болашақ жарының барлық денесіне қарау рұқсат». Ал әл-Әузағи: «Етті жерлеріне қарау рұқсат», - деді. Дәуіттің дәлелі хадистің тура, сыртқы мағынасы, өйткені хадисте жүз және алақан деп шектемей, жалпылама айтылған дейді. Ал әл-Әузәғи сөзінің ақиқатын (яғни, нақты қай жерлерін меңзегенің) және қандай дәлелге сүйеніп айтқанын біз білмейміз. Бұл (болашақ жардың нақты қай жеріне қарау болатындығы туралы) мәселесі иджтаһиди мәселе және олардың дәлелдері тек иджтиһад екенін білесің¹. Дұрысын Аллаһ білуші».

¹Яғни, бөтен әйелге назар салу нақты аят және хадиспен харам, болашақ жарға назар салу хадиспен рұқсат. Бірақ нақты қай жеріне қарауға болатындығы аятта да, хадисте де анық айтылмаған. Сондықтан (әйелдің жүзі мен алақанына зәру жағдайда қарау рұқсат деген) нақты болған нәрсеге еріп, (әйелдің барлық денесіне немесе етті жерлеріне қарауға болады деген) Құран мен хадиске анық қайшы болған иджтаһадты тастаған жөн.

Сосын құда түскен жігіттің (болашақ жарына қарау мәселесі) қазы мен куәгерге қияс жасалады: құда түскен жігітке (болашақ жарының жүзі мен алақанына) қарау рұқсат болса, онда қазы мен куәгерде әйел жүзіне қарауы да рұқсат².

²Бұның суреті мысалы: егер қазы қандайда бір әйелді істі қылса, онда сот барысында қазы ол әйелдің түрін көру керек, ал куәгерлер әйелді тану үшін көру керек.

Бейшара құл (муфти Зафар Ахмад әл-Усмани әл-Ханафи) айтты: «Көпшілік ғалымдардың хазіретті Джабирдің: «Әйелге құда түстім\сөз салып, оны ұрлап қарадым (яғни, жасырын көрдім)» деген хадис, бұл болашақ жарының әке-ағаларына қызды көру үшін қақ алдына алып келуін талап етуі рұқсат емес екенін көрсетеді, өйткені бұл оларды (қыз жақтағы ерлерді) кемсіту және болашақ күйеу қыздың рұқсатынсыз оның сыртынан қарап жүргенін қыз білмеуі керек. Өйткені әйел ұялады және бөтен ер адамның оған қарауы оның жүрегіне салмақ түсіреді. Өйткені Аллаһ оны басқадан қызғаныш үшін жаратқан және бұл үлкен зұлымдыққа апаруы мүмкін екені белгілі. Бірақ оған тығылып, жасырын қарауға рұқсат етілген және бұл қарау етті жерлері мен барлық денесіне емес, тек жүзі мен алақаны және табанының үстімен ғана шектеледі»».


Шейх Зафар Ахмад әл-Усмани әл-Ханафи, «Иғлә әс-Сунан», 17\377-379.