December 29, 2024

Бекітілген сүннетті тәрк етудің үкімі

Ибн Әбидиннің хашиясында (дәреттің сүннеті тарауында): ««Әт-Тәлуидж» кітабында: «Бекітілген сүннетті тәрк ету харамға жақын күнә және Пайғамбардың ﷺ: «Кімде-кім менің сүннеттімді тәрк еткен адам менің шапағатымнан құр қалады» деген хадисіне сай, сүннетті тәрк етуші адам Пайғамбардың ﷺ шапағатынан мақрұм болады».

«Әт-Тахрир» кітабында: «Ақиқатында (бекітілген) сүннетті тәрк етуші адам адасушылықта айыпталып, жазғыруға лайықты».

«Шарху әт-Тахрир» кітабында келгендей, «бекітілген сүннетті тәрк ету» дегеннің мағынасы - сүннетті үзірсіз және жиі тәрк ету.

Мұны дәреттің сүннетінде келетін нәрсе қуаттайды: егер адам дәрет алған кезде дене мүшелерін тек бір рет ғана жууға дағдыланған болса, күнә; ал егер дағдыланбаған болса (кейде бір себеппен тек бір рет жуған болса), онда күнә емес. «Әл-Бахр» кітабының намаз сипаты бабында: «Мәзһаб иелерінің сөздерінен шығатын қорытынды және сахих көзқарас бойынша, уәжіп пен бекітілген сүннетті тәрк етушіге күнә бар. «Кім бес уақыт намаздың сүннеттерін тәрк ететін адам күнә алмайды делінген, бірақ дұрыс\сахих көзқарас бойынша - күнә алады» деген сөздер ишара. Бұл «Фәтху әл-Қадир» кітабында айтылған. Және «жамағат намазын тәрк етушіге күнә болады» деген сөздерде де соған нұсқайды, өйткені жамағат намазы, дұрыс\сахих көзқарас бойынша, бекітілген сүннет. Және осындай сөздер «ән-Назаир» кітабымен соны ұстанғандардың кітаптарында келеді. Бекітілген сүннетті тәрк ету күнә екендігіне ғалымдар арасында бірауызды пікір жоқ екендігіне (яғни, сүннетті қанша рет тәрк етсе күнә деген секілді мәселелерде) ешқандай күмән жоқ және күнәлар кейбірі кейбірінен ауыр болады (яғни, дәреже жағынан әртүрлі болып келеді). Бекітілген сүннетті тәрк етудің күнәсі уәжіпті тәрк етудің күнәсынан женілерек болады»».