May 27

«Өзімнен кейін ер адамдар үшін әйелдерден асқан зиянды фитна қалдырмадым».

Усама ибн Зәйд риуаят еткен хадисте: «Аллаһ Елшісі ﷺ былай деді: «Өзімнен кейін ер адамдар үшін әйелдерден асқан зиянды фитна қалдырмадым». Хадисті Бухари және Муслим риуаят етті.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3085) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(«Аллаһ Елшісі ﷺ былай деді: «Өзімнен кейін) яғни, өзінің (яғни, Пайғамбардың ﷺ) өлімі сөзсіз болатын нақты бір шындық екенін білдіру үшін қолданылған (ер адамдар үшін әйелдерден асқан) себебі ер адамның табиғаты әйелдерге қатты бейім болады. Көп жағдайда ерлер әйелдер үшін харам істерге түсіп, бір-бірімен шайқасып, дұшпандық қылып жатады. Әйелдердің ең аз зияны — ер кісіні дүниеге құмартуға итермелеуі. Ал мұның өзі-ақ – ең үлкен бұзылудың бірі. Себебі дүниені сүю – әрбір күнәнің бастауы. «Өзімнен кейін» деп айтуының мәні – әйелдердің фитнасы Аллаһ Елшісі ﷺ дүниеден өткеннен кейін анық көріне бастағаны, (фитна қалдырмадым») яғни, сынақпен бүлік. (Хадисті Бухари және Муслим риуаят етті) және Ахмад, әт-Термизи, ән-Нәсәи мен ибн Маджа риуаят етті».