November 30, 2024

Намазды қосып оқу мәселесі

Хазіретті Абдуллаһ, Аллаһу Тағала одан разы болсын, айтты: «Пайғамбар ﷺ намазды өз уақытында оқитын, тек Арафатта ғана қосып оқитын». Хадисті ән-Нәсәи жеткізді, иснады сахих («Әәсәр әс-Сунан», 2\72). Шейх Зафар Ахмад әл-Усмани әл-Ханафи әл-Матуриди: «Бұл хадис намазды қосып оқуға болмайтындығына ашқы дәлел».

Пайғамбарымыз ﷺ сапарда намазды қосып оқыды деген амалын өткен ізгілер қалай түсінген?

Айша анамыз, Аллаһу Тағала одан разы болын, айтты: «Аллаһ Елшісі ﷺ сапарда бесін мен ақшамды кешіктіріп, екінті мен құптанды уақыты кірген бойда оқитын (яғни, бесін намазын екінті уақытына жақындатып оқиды, кейін екінті намазы кіргенде лезде екінтіні оқып алады. Ақшам мен құптанда солай)».

Нәфиғ пен Абдуллаһ ибн Уақид Абдуллаһ ибн Омардың азаншысы, Аллаһ олардан разы болсын: ««Намаз», - дегенде, Ибн Омар: «Тыныш, тыныш», - дейді. Солай батыстан шапақ кеткенге сәл қалғанда ақшам намазын оқып, шапақ толық кеткенін күтіп, құптан намазын оқыды. Сосын айтты: «Егер Аллаһ Елшісі ﷺ асығыс болса, (намазды) мен секілді қосып оқуды бұйыратын»» (яғни, ақиқи қосып оқу емес). Әбу Дәуіт пен әд-Дарақутни риуаят етті, иснады сахих («Әәсәр әс-Сунан», 2\73).

Хазіретті Абдуллаһ ибн Мухаммад ибн Омар ибн Әли ибн Әби Талиб өзінің әкесінен, ол атасынан: «Хазіретті Әли сапарға шықса күн батқаннан кейін қозғалып, түнергенге дейін жүріп, кейін түсіп ақшам намазын оқитын. Сосын кешкі ас жеп (яғни, ақшам мен құптан арасына сәл уақыт салып), құптан оқитын. Кейін атына мініп: «Дәл осылай Аллаһ Елшісі ﷺ жасайтын», - айтты». Әбу Дәуіт риуаят етті, тізбегі сахих («Әәсәр әс-Сунан», 2\74).

Хазіретті Осман ибн Абдуллаһ ибн Мауһиб айтты: «Хазіретті Әбу Һурайра, Аллаһ одан разы болсын, «намазды өткізіп алу деген не?» деп сұралғанда: «Екінші намаздың уақыты кіру», - деп жауап берді».

Шейх Зафар Ахмад әл-Усмани әл-Ханафи әл-Матуриди, «Иғлә әс-Сунән», 2\93-100 бет.

ЕСКЕРТПЕ: Бұл мәзһабтар арасындағы хиләф мәселесі екенін мойындаймыз.