August 19

«Ешбір ер адам әйелмен оңаша қалмасын».

Хазіретті Омар Пайғамбардың ﷺ былай деп айтқаның жетізді: «Ешбір ер адам әйелмен оңаша қалмасын. Өйткені олардың үшіншісі – шайтан болады». Хадисті әт-Термизи жеткізді.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3118) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(«Ешбір ер адам әйелмен) яғни, бөтен әйелмен (оңаша қалмасын) яғни, үзілді-кесілді болмайды. (Өйткені олардың үшіншісі – шайтан болады») мұның мағынасы – екеуінің нәпсісін қоздырып, зинаға итермелеу үшін шайтан олармен бірге болады. Имам әт-Тыйби айтты (бұл жерде араб тілінің ерекшелігі бар, сондықтан тек мағынасын жеткіземіз): ««Оңаша қалмасын» деген сөз – жай ғана тыйым емес. Оның астарында ант мағынасы жатқан ескерту бар (яғни: «Аллаһпен ант етемін! Ешбір ер адам мен әйел оңаша қалмасын» дегенге саяды). Хадисте нақты түрде: егер ер адам мен әйел арасында махрам біреу болмаса, олардың үшіншісі міндетті түрде – шайтан болады, – деп ескерткен. Бұл – аса қатты қауіпке назар аудартатын, сақтануға шақыратын қатаң ескерту»».