Араб тілін нашар білудің және кітапты ұстазсыз оқудың зияны
Заманымыздағы үлкен мухаддис шейх Мухаммад Аууама әл-Ханафи, Аллаһу Тағала ұстазымызды өз панасына алсын, «Әсәру әл-Хадис әш-Шәриф фи ихтиләф әл-Иммәти әл-Фуқаһа» (47 бет) кітабында айтты:
«Хамса қаласынан болған ғұлама фақих, муфассир, тақуа, шейх Абудл-Ғазиз Ғуйун әс-Сууд әл-Ханафи, Аллаһу Тағала оны рақымына алсын, Халиб қаласында өз басынан өткен мына оқиғаны айтып берді:
“Бесін намазы алдын мешітке мен танымайтын бір адам кірді - кейін Шейх бұл кісі Албани болғанын айтты. Ол мешітке кіріп азанды күтті. Азаншы азан шақырып “Аллаһу Әкбар-а-Аллаһу Әкбар” деп “Әкбар” сөзін фәтхәмен айтқан сәтте, әлгі адам - Албани - ашумен атып тұрып: “Бұл қате! Бұл бидғат” деп байбалам салды. Шейхымыз: “Қай жері қате? Қай жері бидғат?” деді. Албани: “Бұл («Әкбар» сөзін фәтхәмен айту) «Сахих» Муслимде келген хадиске қайшы” деді. Шейхымыз: “Ал «Сахих» Муслимде не деп келген?» деп сұрады. Әлгі адам (Албани): “«Сахих» Муслимде “Аллаһу Әкбәр-У-Ллаһу Әкбәр” (деп даммамен) келген” деді. Шейхымыз әдеппен, тыныштық сақтай отырып: “Сен шейхтарыңнан, олар өз шейхтарынан, олар имам Муслимнен хадистегі «Әкбар» сөзі даммамен келеді деп үйрендің бе немесе «Сахих» Муслимді басып шығарған баспаның қойып берген (дамма) харекетін айтып тұрсың ба?” деп сұрады. Әлгі адам (Албани) үнсіз қалды, менде үндемедім. Кейін намазымызды оқып, тарқастық” деді Шейх».