Мәуліт атап өтуді алғаш бастаған сұлтан.
Имам әс-Суюти әш-Шәфиғи әл-Әшғари мәулітке арналған «Хусну әл-мәқсид фи ғамал әл-Мәулид» кітапшасында:
وأول من أحدث فعل ذلك صاحب إربل الملك المظفر أبو سعيد كوكبري بن زين الدين علي بن بكتكين، أحد الملوك الأمجاد والكبراء الأجواد، وكان له آثار حسنة، وهو الذي عمر الجامع المظفري بسفح قاسيون، قال ابن كثير في تاريخه: كان يعمل المولد الشريف في ربيع الأول ويحتفل به احتفالا هائلا، وكان شهما شجاعا بطلا عاقلا عالما عادلا، رحمه الله وأكرم مثواه، قال: وقد صنف له الشيخ أبو الخطاب ابن دحية مجلدا في المولد النبوي سماه (التنوير في مولد البشير النذير) ، فأجازه على ذلك بألف دينار، وقد طالت مدته في الملك إلى أن مات وهو محاصر للفرنج بمدينة عكا سنة ثلاثين وستمائة، محمود السيرة والسريرة.
«Мәулітті алғаш рет атап өтуді енгізген — Ирбил шаһарының иесі, мәртебелі патша аз-Заһир Әбу Сәйд Кәукабари ибн Зәйнуд-Дин Әли ибн Бактакин. Ол — ұлы да жомарт патшалардың бірі еді. Оның артында жақсы іздер қалды. Ол Қасиун тауының етегінде орналасқан Музаффар мешітін салдырған.
Ибн Кәсир өзінің тарихи шежіресінде былай дейді:
«Ол Мәуліт мейрамын Рабиғул-әууәл айында өткізетін және оны өте салтанатты түрде тойлайтын. Ол ар-намысты, батыр, ақылды, білімді әрі әділетті адам болатын. Аллаһ оны рақымына алсын, мәңгілік мекенін ардақты етсін!»
«Оның өтінішімен шейх Әбул-Хаттаб ибн Дихия Аллаһ Елшісінің ﷺ мәулітін баяндайтын бір томдық кітап жазды. Ол еңбекті «ат-Тануир фи мәулиди әл-бәшир ан-Назир» деп атады. Патша оған бұл еңбегі үшін мың динар сыйлады. Патшалықта ұзақ уақыт билік етті. Ол һ. 630 (м. 1232) жылы — франктерді Акка қаласында қоршау үстінде қайтыс болды. Оның өмірі мен өлімі мақтауға лайық».