December 22

﴾Міне, бұл! Ендеше, кімде-кім Аллаһтың үкімдері мен қасиетті қылғандарын ұлықтайтын болса, онысы Раббысының алдында өзі үшін қайырлы болмақ﴿.

Міне, бұл! Ендеше, кімде-кім Аллаһтың үкімдері мен қасиетті қылғандарын ұлықтайтын болса, онысы Раббысының алдында өзі үшін қайырлы болмақ﴿ «әл-Хаж» сүресі, 30-аят.

Фақиһ, муфассир Абдуш-Шакур әт-Термизи әл-Ханафи әл-Матуриди «Тәкмилату әхкаму әл-Қуран әлә дау мә ифада» тәпсірінде аяттың түсіндірмесінде бірнеше пайдалы мәселе айтты:

Бірінші мәселе: тақуалықтың негізгі орны — жүрек:

«Ұстазымыз рухани кемелдену мәселелерінде былай деді: «Бұл аят екі нәрсеге дәлел болады:
Біріншісі — тақуалықтың негізгі орны жүрек екендігіне.
Екіншісі — діннің белгілері мен нышандарын ұлықтаудың шариғатта заңды екендігіне. Осы ұғымның аясына пайғамбарлар мен әулиелердің мұралары да кіреді».

Дәл осы мағына «әл-Бахру әл-Мухит» еңбегінде де (6/367) келтірілген.

Екінші мәселе: Пайғамбарымызды ﷺ ұлықтау — әлдеқайда бірінші кезекте міндет:

Үнді тәпсірлерінің қысқаша жинағында былай делінген: «Мәтіндердің (Құран, сүннет және тағы басқа шариғи мәтіндердің) тікелей мағынасына сүйенсек, барлық жаратылыстың ішіндегі ең абзалы екендігіне бірауыздан келісілген Пайғамбарымызды ﷺ ұлықтау — тіпті әлдеқайда бірінші кезекте міндетті болады».

Үшінші мәселе: Аллаһқа жақын ететін нәрселерді ұлықтау — тақуалықтың кемелдігі:

Онда (яғни, Үнді тәпсірлерінің қысқаша жинағында) былай айтылады: «Аллаһқа жақындығымен және Оның қамқорлығында деп сипатталатын (мысалы, пайғамбарлар мен ғалым-әулиелер сияқты қадірлі тұлғаларды; Мекке мен Мәдина, сондай-ақ құбыла секілді қасиетті мекендер мен бағыттарды; Рамазан сияқты қасиетті уақыттарды және Құран тәрізді дінде ерекше құрметке ие) нәрселерді ұлықтау — жүректің тазалығына, тақуалықтың кемел болуына себеп болады әрі жақсылық пен сауапқа жеткізетін амал саналады».

Төртінші мәселе: Аллаһтан өзгені ұлықтау:

Онда тағы былай делінеді: «Аллаһтан өзгені өз алдына, дербес түрде ұлықтау тыйым салынған. Алайда Аллаһ Тағаланың Өз болмысына (Ұлылығына) қатысты түрде болса, мұндай ұлықтау шариғатта заңды. Өйткені бұл — әлгі нәрсені емес, шын мәнінде Аллаһ Тағаланың Өзін ұлықтау болып табылады»».