June 2

ҒАЙБАТ АЙТУ РҰҚСАТ ЖӘНЕ МІНДЕТ БОЛҒАН ЖЕРЛЕР

(Ғайбат - бауыр туралы сыртынан ол ұнатпайтын сөз айту)

«Ғайбат айту рұқсат болған жерлер: некелесуге неит еткен немесе саяхатқа бірге шығайын деп жатқан немесе кәсіпте серіктес болуға ниет еткен немесе көрші болайын деп жатқан адам туралы немесе аманатқа ақша беру және сол сияқты нәрселерде кеңес сұраған адамға насихат ретінде сұралушының өзі білетін (яғни, біреуден естігенін емес) кемшілігін айту рұқсат және халықты адамның бұзық ақидасынан сақтандыру мақсатында бидғатшының кемшіліктерін айту рұқсат¹; және жәбірленуші басшыға [немесе қазыға] залымның әділетсіздігі туралы шағымдану үшін немесе әділ шешім шығару үшін² жәбер берушінің зұлымдығын айту рұқсат; егер адамдар арасында бір адам белгілі бір лақабымен танымал болса, онда тану мақсатында оны сол лақабымен айту рұқсат, мысалы: ақсақ, соқыр, қисық немесе қыли деген сияқты.

Ғайбат айту міндет болған жерлер: риуаятшылар мен куәгерлердің ішіндегі әлсізін шығару мақсатында³; құл сатып алайын деп тұрған сатып алушыға құлдың ұры немесе зинақор екенін; сондай-ақ, егер сатып алушының сатушыға жалған ақша беріп жатқанын көрсе, ол: «Бұл адамнан сақ бол», және осыған ұқсас сөздерді сақтандыру мақсатында айту міндет».

¹Және халықты пасық адамнан сақтандыру мақсатында күнәні ашық жасайтын пасықтың күнәларын ашық айту рұқсат, бірақ күнәні жасырын жасайтын пасықтың күнәларын ашық айтуға болмайды.

²Мысалы: сотта жәбірленуші қазыға: «Пәленше адам залым, ол маған осындай жамандық жасады» деген секілді.

³Мысалы: «пәленше риуаятшының» немесе «пәленше куәгердің» есте сақтауы қабілеті өте нашар деген секілді кемшілігін айту.

Имам Әләуд-Дин ибн Мухаммад Әмин Әбидин әл-Ханафи, «әл-Һадийяту әл-Ғәләия», 459 бет.