Идда күткен әйелге қатысты мәселелер
Имам Абдул-Ғани әл-Ғунайми әл-Майданидің әйгілі «әл-Любәб фи шарх әл-Китаб» кітабында (идда бабы):
• Ажырасқан және күйеуі қайтыс болған әйелге, егер балиғат жасына толған мұсылман болса, күң болса да, неке нығметінен айрылғанына өкінішін көрсету үшін (идда күткен уақытында) «ихдад» уәжіп. Тіпті ажырасқан немесе қайтыс болған күйеуі әйелге «ихдадты» тәрк етуді бұйырса да, өйткені бұл («ихдад») шариғаттың ақысы (күйеуінің емес).
• «Ихдад» дегеніміз - (идда күтіп отырған әйелдің) әшекейлер тағуды немесе жібек киім кию арқылы әсемденуді және әртүрлі жақпа майлармен, тіпті майдың иісі болмаса да, сүрмемен боянуды тәрк етуі. Егер аса зәру болса, онда жоғарыдағы нәрселерді қолдану рұқсат¹. Өйткені аса зәру жағдай тыйым салынған нәрселерді рұқсат етеді.
¹Мысалы, май мен сүрмені емдік мақсатта жағу немесе басқа матаға аллергия себепті жібек матадан болған киім кию немесе ұрлап кету қауіпі болғандықтан әшекейлерін тағып жүру секілді зәру жағдайлар.
• Қынамен, запырангүлмен, сары ағашпен боялған киім кимейді (себебі түстері өте ашық (вызывающий) және жұпар иісі болады), өйткені бұл нәрселерде бөтен көзді өзіне аударуға себеп, ал бұл болса шариғатта тыйым салынған. Сондықтан харамға түсіп қалмауы үшін бұл нәрселерден аулақ болғаны жөн.
• Кәпір әйелге (идда күті міндет болғанымен) «ихдад» міндет емес, өйткені кәпірге шариғат үкімі жүктелмеген.
• Және кішкентай қыз да «ихдад» міндет емес, өйткені кішкентай балаға шариғат үкімдері жүктелмеген¹.
• Күң әйелге «ихдад» уәжіп, өйткені оған иесінің ақысына қайшы келмейтін шариғат үкімдері міндет (күңнің боянбауынан, әсемденбеуінен иесіне келіп кетер зиян жоқ). Бірақ үйінен шығуға рұқсат, өйткені (егер күң үйінен шықпаса) иесінің ақысын бұзу бар².
¹Мысалы, атастырылып қойған қыз.
² Өйткені күң иесінің қызметінде болады, сол себепті қызмет мақсатында үйінен шығуға тура келеді.
ИДДАСЫН КҮТІП ОТЫРҒАН ӘЙЕЛГЕ УӘЖІП БОЛҒАН АМАЛДАР
• Раджғи немесе бәйн талақ алған азат әйел (идда уақытында) күндіз және түнде үйінен шығу рұқсат емес (егер жер үйде тұратын болса, ауласына шықса рұқсат). Өйткені оның нәпақасы күйеуінің мойнында, сол себепті ол үйінен шығуға мұқтаж емес.
• Егер әйел (күйеуімен ажырасуға келісіп): «(Егер сен маған ажырасу берсең, онда идда уақытында сенен) маған нәпақа керек емес» деп күйеуімен келіссе (яғни, «хулуғ»), онда: «Күндіз нәпақасын табу үшін әйел үйінен шықса рұқсат» десе, басқалары: «Сонда да рұқсат емес», - деген және осы пікір дүрыс. Өйткені әйел идда уақытында күйеуінің нәпақасынан өзі бас тартты. Бұл әйелдің: «(Егер сен маған ажырасу берсең, онда идда уақытында сенен) маған тұратын үй беруін керек емес» деп келіскені сияқты, бұл уақытта да әйел иддасы біткенше күйеуінің үйінде болады және сол уақыт арасында күйеуінің үйінде тұрғаны үшін ақы төлейді.
• Күйеуі қайтыс болып идда күтіп отырған әйел үйінен күндіз күн батқанға дейін және түннің кейбір бөлігінде¹ шықса рұқсат. Өйткені оған нәпақа беретін адам жоқ, сондықтан зәру себепті үйінен шығады. Ал егер күйеуі қайтыс болған әйелдің нәпақасы болса, онда ол ажырасқан әйел секілді (яғни, күйеуі тірі секілді) үйінен шығуы рұқсат емес. «Фәтх».
• Өзге үйде қонуға зәру болмағандықтан (идда күтіп отырған әйел) өзге үйде түнеуі рұқсат емес.
• Ажырасу алдын өзге үйде болған әйел ажырасқан сәттен тезарада үйіне қайтып, иддасын өз үйінде күтуі уәжіп.
ИДДАСЫН КҮТІП ОТЫРҒАН ӘЙЕЛ БАСҚА ҮЙГЕ БАРЫП ТҮНЕУ РҰҚСАТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙЛАР
• Егер қайтыс болған күйеуінен алған үйдің үлесі өте тар болып, басқа мирасқорлар әйелді үйден шығарып жіберсе, әйел қалаған жағына көшеді. Өйткені бұл көшу үзір себепті болды. Үзірлі жағдайлар ғибадатқа әсер етеді, бұл өз мүлкіне қорыққан немесе үйі бұзылып үстіне құлайтын немесе үй жалдап отырып үйдің ақшасын төлей алмайтын адам секілді үкімге айналды.
• Сосын ажырасып иддасын (күйеуінің бір бөлмелі үйінде) күтіп отырған әйел мен күйеуінің арасын бөліп тұратын перде болу керек және екеуін перде бөліп тұрған (бір бөлмелі пәтерде) тұруларында әбестік жоқ. Өйткені (күйеуі ажыратылған) әйелі оған ендігәрі харам екенін біледі (сол себепті жақындамайды).
• Егер күйеуі пасық болса және әйел (күйеуі оған жақындап қояды деп) өзі үшін қорықса: үзір себепті үйден кетеді және барған үйі ол әйелге бірінші үйі секілді болады¹. Бірақ абзалы (пасық) күйеуі үйден кеткені жақсы.
¹Және барған екінші үйінен үзірсіз шығуға болмайды, өйткені бұл үй оған идда күтетін күйеуінің үйі секілді болады.