December 11
Болашақ жарына көз салу мәселесі
Хазіретті Джабир, Аллаһ оған разы болсын, айтты: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Егер біреулеріңіз қызға сөз салса\құда түссе және ол қызды әйел қылып алуға қызықтыратын нәрсеге қарауға мүмкіндік болса, солай істесін»» (Ахмад пен Әбу Дәуіт риуаят етті. Жеткізушілер сенімді және әл-Хаким хадисті сахих деді).
Муслим Хазіретті Әбу Һурайрадан риуаят еткен хадисте Пайғамбар ﷺ жаңадан неке қиған адамнан: «Сен болашақ жарыңды көрдің бе?», - деп сұрайды. Ол: «Жоқ», - деп жауап бергенде: «Барып болашақ жарыңды көр», - дейді.
Шейх Нуруд-Дин Итр әл-Ханафи өзінің «Иғләму әл-Әнәм шарх Булуғу әл-Марам» (3\284) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
- Хадисте сөз салып келген адам жайлы екендігі ашық айтылған, бәлки қызға сөз салуды қалаған адам туралы (яғни, сол қызға неке қиям деген нақты ниет болу керек, әйтпесе харам болады көз тігу). Фақиһтер мен Имамдар неке алдын болашақ жарын көру мустахаб екеніне бір ауыздан келісті...
- Хадис қыздың өздігінен көрінетін жеріне ғана қарауды айтты, сондықтан көпшілік ғалымдар болашақ жарының беті мен алақанына ғана қарау рұқсат деді, ал ханбали мәзһабы тек бетіне ғана қараумен шектеді. Өйткені бет сұлулық жиынтығы, ал алақан қыздың денесі ірі немесе жіңішкелігін көрсетеді. Қажеттілік махрам болмаған адамға қарау рұқсат еткендіктен, қарау шегін тек қажеттілік шеңберімен шектеліп, қалған жерлеріне қарау харам болып қала береді. Осыны түсініп қой және Аллаһ сені сақтасын.