June 21

Ұялу мәселесі

Имам әл-Биркауи әл-Ханафи өзінің әйгілі «ат-Тариқату әл-Мухаммадия» кітабында айтты:

«Ал уағыз айтудан, жақсылыққа әмір етіп, жамандықтан тыюдан, намазға имамдық етуден, азан айтудан және т.с.с. мандуб, сүннет және парыз амалдардан ұялу - қатты айыпталған және бұл діндегі әлсіздік, қауқарсыздық және қорқақтық деп аталады. Мықты адам Аллаһу Тағаладан ұялуды адамдар алдындағы ұялудан артық көреді.

Ұялудың ең абзалы - бұл Аллаһтан, сосын күнә және мәкруһ болмаған істерде адамдардан ұялу. Бірақ жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыйю мәселесінде немесе сиуәк (мисуәк) және сәлде сыртынан орап мата жабудан, киім (балағын) қысқартудан және жамауы бар киім киюден, жалаң аяқ жүруден, есекке мінуден, тамақтан кейін саусақ және ыдысту жалаудан, жерге немесе дастарқаннан түскен тамақты қайтадан алып жеуден, дауыстап сәлем беру мен оған (сәлемге) жауап беруден, азан шақыру мен имамдыққа шығу сияқты сүннет амалдарды жасауда адамдардан ұялу - бұл құпталмаған ұялу. Бұл ұялу - қорқақтық, діндегі әлсіздік немесе рия (көз бояушылық)».